ТҮРКІСТАН: 19-23қырқүйек апталық аясында «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі» тақырыбында өткізілетін іс-шаралар

Түркістан облысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 1323 қызметтен Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарына қазіргі уақытта 170 мемлекеттік көрсетілетін қызмет және олардың ішінде 155 кіші түрлері көрсетiледі. Жергілікті атқарушы органдарына тарапынан жалпы 9 758 479 қызмет көрсетілді, Оның ішінде: — баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны — 73345; — қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 76686; — электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 9 594 786,

— көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер — 13662 көрсетілді.

170 көрсетілетін мемлекеттік қызмет ішінде 159 (91%) автоматтандырылған қызметтер.

Апталықта Келес аудандық Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 8 айында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша жеке тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізді.

Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы салада «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмек бойынша тағайындалғандар саны 2147 отбасы, 12924 адамға қызметтерді көрсеткен.

  1. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің 2022 жылдың 8 айында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша аудандық әкімдіктің қаулыларын дайындап, жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізілді.

Келес ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» №301 бұйрығының 16-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша 2022 жылы 58 қызметтерді көрсеткен.

  1. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» сипатындағы мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне сараптама жүргізілген.

2021-2022 оқу жылында аудан көлемінде 10 ауыл округіне қарасты 22 мектепте 3154 оқушы 37 елді мекеннен тасымалданып оқиды. Тасымалданатын мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу, қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналардан және педагог ұстаздардан тұратын арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылған. «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты іс-шаралар кестесі түзіліп, балаларға білім бөлімі тарапынан түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Балалардың жол-көлік жарақаттары профилактикасына бағытталған насихаттық-ақпараттық іс-шараларды жүргізу барысында 2021-2022 оқу жылында ауданның ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 24.09.2021 жылы №1111 хаты жолданған. Республикалық, облыстық маңызы бар трассалар бойларында орналасқан жалпы білім беру ұйымдарына, жалпы білім алушылардың жол қауіпсіздігін сақтау және жолдан қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында балалар өтетін жерлерге жасанды жылдамдық кедергілерін, белгілерін (знак) орнату және білім алушыларды жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі үшін кезекшілер ұйымдастырып беруді сұранған ұсыныстар жолданып, жалпы орта мектептер мен білім беру ұйымдарының алдына макеттер қойылған.

Аудан көлемінде орналасқан барлық жалпы білім беру мекемелерінде 2021-2022 оқу жылында тамыз айынан бастап ата-аналарға «Бала бақылаусыз жүрмесін» – атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып, жасөспірімдерге жауапты инспекторлармен біргелікте балаларға көшеде жүру ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

  1. Жүзімдік ауылдық округі әкімінің «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру бойынша шешімдер қабылдау» түріндегі мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне сараптама жүргізіп, ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 4 ақпандағы №5 шешімімен Жүзімдік елді мекенінде полицияның тірек пункті құрылысы үшін 0,08 га. жер учаскесі берілгендігі анықталды.
  2. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Бөлім тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасының (СЖТ) берілу» сипатындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қызметіне сараптама жүргізілген. 2022 жылдың 8 айы ішінде бөлім тарапынан «elicense.kz» порталы арқылы 53 СЖТ дайындап беру қызметі көрсетілген. Мониторинг қорытындысы бойынша жоғарыда аталған бөлімдер мен ауылдық округінің көрсетілген сипаттағы мемлекеттік қызметтерінде кемшіліктер орын алмағандығы анықталды.

Түлкібас аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері Майлыкент ауылдық округ әкімдігі, ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырды.

Майлыкент ауылдық округ әкімдігінде 2021 жылы жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған түсімдердің 6 түрі бойынша жыл басында 75 миллион 889 мың теңге жоспар бекітіліп, жыл қорытындысымен барлық көрсеткіш 104% орындалды.

2022 жылы жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған түсімдердің 6 түрі бойынша жыл басында 95 миллион 671 мың теңге жоспар бекітіліп, 8 айдың қорытындысымен барлық көрсеткіш 104,9% орындалды.

Түлкібас ауданының жер саласында ауданның барлық жер көлемі – 227 504 гектар;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 148 391 гектар;

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жер көлемі – 128 270 гектар болып, оның ішінде:

— Егістік жерлердің көлемі – 64 500 гектар,

— Оның ішінде суармалы – 13 456 гектар,

— Көпжылдық екпе ағаштары – 4 091 гектар,

— Жайылым – 57 948 гектар,

— Шабындық – 3 211 гектар,

— Өзге жерлер – 18 641 гектар,

Елді мекендердің жерлері – 23 137 гектар,

Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер – 5 575 гектар,

Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері – 49 958 гектар,

Ауданда барлығы -4234 АШТӨ бар. Оның ішінде:

ШҚ-4045

ӨК-70

ЖШС-119

Түлкібас ауданы бойынша 2021 жылы ауданның арнайы жер қорына өткен және сотпен қайтарылғын жалпы көлемі 9442 га. жайылымдық жерлер ауылдық округтеріне елді-мекендердің жайылымдығы ретінде табысталды.

2022 жылы жоспар бойынша 10800 гектар жайылым жерге меморандумға түзуге меже қойылған. Қазіргі таңда меморандум 23 733 гектарға орындалып отыр. 2022 жылы жоспар бойынша елді мекеннің ортақ жайылымына 6700 гектар жайылым жер қайтаруға меже қойылды. Қазіргі таңда соның 3520 гектары елді-мекеннің ортақ жайылымына табысталды. Атап айтқанда:

— Жаскешу ауылдық округінен 1020 га. жайылым жер,

— Арыс ауылдық округінен 400 гектар жайылым жер,

— Ақбиік ауылдық округіне 400 гектар жайылым же

— Балықты ауылдық округінің 400 га. жайылым жерге,

— Келтемашат ауылдық округінің 100 га. жайылым жерге,

— Арыс ауылдық округінің 200 гектар жайылым жер табысталды. Қалған алаңы 1000 гектар жайылым жер аудандық жер комиссиясында қаралып, оң қорытынды беріліп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Түлкібас ауданы бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» арқылы жалпы алаңы 3538,73 гектар жайылым жерге сотқа талап арыз берілді. Сот процесі аяқталғаннан кейін кент, ауылдық округ елді-мекендеріне табысталатын болады.

Сонымен қатар Түлкібас ауданы бойынша ор қазылған жер учаскелерінің иелеріне хабарлама берілді. Атап айтқанда:

  1. «Береке-017» ЖШС төрағасы Х.Байысбаев кадастр №19-300-008-029
  2. «Мақұлбек» ЖШС төрағасы Е.Сартбаев №19-300-008-369
  3. «Әсел» ШҚ төрайымы Л.Куанышева №19-300-037-3522, №19-300-037-3493
  4. «Санжар» ШҚ төрайымы А.Курмашева кадастр №19-300-066-948
  5. «Нұран Құрылыс» ЖШС төөрағасы И.Иманов кадастр №19-300-066-1002
  6. «Көктал» ШҚ төрағасы Б.Тулешов кадастр №19-300-066-381
  7. «Түлкібас Транс Сервис» ЖШс төрағасы М.Асан кадастр №19-300-058-1091

Сараптама тобы мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартудағы орын алған кемшіліктерді жою керектігін, ауыл тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешілуін және арыз-шағымдарына уақытысында жауап берулеріне т.б мәселелер бойынша айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.