ТҮРКІСТАН: “МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ” атты республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі бастау алды

Бүгінде Түркістан облысы бойынша 17 аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 1499 оқушы осы конкурсқа қатысуда.

Конкурс екі тур бойынша өткізілуде:

І тур – Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша тестілеу;

ІІ тур – 4 номинация бойынша:

«Менің кіші Отанымның тарихы» номинациясында елді мекеннің тарихын ашып беру (географиялық атауы, құрылу тарихы, негізгі даму кезеңдері, жердің табиғи-климаттық ерекшеліктері, халықтың саны, әлеуметтік-тұрмыстық саладағы кәсіпорындар мен мекемелер туралы ақпарат, т.б.) презентациялау форматында бейне – репортаж;

«Кішкентай Отанымның символы» номинациясы бойынша — автордың өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілік символы болып табылатын жануарлар, өсімдіктер, адамдар, құбылыстар және т.б. туралы презентация түрінде немесе бейнефильм форматында баяндау. (өз таңдауын бірегейлі негіздеу, дәлелдеу қажет);

«Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясында макетті презентациялау;

«Менің туған өлкем» номинациясында – өз елді мекені туралы эссе жазу.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.