ТҮРКІСТАН: «DANCE BATTLE» би байқауында төлебилік оқушылар бас жүлдені иеленді

Балалар жылына орай Қызылорда қаласында ұйымдастырылған «DANCE BATTLE» атты бірінші республикалық би байқауында Төлеби аудандық балалар саз мектебінің 7-9 жастағы оқушыларынан құрылған «Ақкербез» би тобы қатысып қайтты.

Байқауда халық биі жанры бойынша бас жүлдені иеленген төлебилік талантты оқушыларға 250 мың теңгелік сертификат, кубок, медаль және диплом табыс етілді. Ал заманауи би жанры бойынша бұл балалар ІI — орынға қол жеткізіп, медаль және диплом иегері атанды. Би тобының жетекшісі Ақмарал Сұлтановаға ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат табысталды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.