ТҮРКІСТАН: IQANAT ОЛИМПИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Ауыл оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының орны ерекше. Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауыл мектептері оқушыларының Қазақстандық және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына оқуға түсу мүмкіндігіне тең қолжетімділікке ие болуларын қолдау.

Және осы олимпиада арқылы ауыл оқушыларын пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Биылғы жылы Түркістан облысынан республикалық Олимпиадаға 98 окушы қатысты.

17 оқушы IQanat High School of Burabay мектебіне өтті. 7 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде Акаш Али атты мақтааралдық оқушы тарих пәнінен абсолютті чемпион атанды.

Барлық оқушыларға арнайы сыйлықтар: «IQANAT» спорт формасы, рюкзак, сумка, әдеби кітап, қаламсап тб.табыс етілді.

Бүгін Айқанат олимпиадасының І-ші туры Сайрам ауданында бастау алды. Олимпиадаға тіркелген оқушы саны -1922 . Олимпиада Низамхан, Әл-Фараби, Гагарин атындағы орта мектеп базасында өтеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.