ТҮРКІСТАН: IV ОБЛЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР

Түркістан облысының білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының 7-11-сынып оқушылары арасында IV облыстық оқушылар айтысы өтті. Мақсаты – тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін жырлау: тарихқа үңілу, егемендік жолында ерлік еткен тұлғалардың есімін оқушы санасында қайта жаңғырту, оқушыларды ана тілін, төл мәдениетін, туған тарихын құрметтеуге шақыру.

Айтыс жеңімпаздары Бас жүлде, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен, Алғыс хат және ақшалай жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ал Бас жүлдеге ие болған оқушы республикалық айтысқа қатысуға жолдама алды.

Айта кетейік: Бас жүлде Тоқсанбай Рахат Мақтаарал ауданы, М.Ғабдулин атындағы жом

І – орын Қасымбек Шұғыла Төлеби ауданы, «Ақбастау» жом оқушысы.

ІІ – орын Сәуірхан Сұлтан Отырар ауданы, Ш.Қалдаяқоа атындағы жом оқушысы. Болат Мейіржан Түркістан қаласы, №20 жом оқушысы

ІІІ – орын Қуаныш Аян Қазығұрт ауданы, «Жаңатірлік» атындағы жом оқушысы. Қосыбай Қанат Бәйдібек ауданы, Есіркеп атындағы жом оқушысы. Өтебай Ардақбек Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп –интернатының оқушысы.

Одан өзге, IY облыстық «Ділмар» шешендік арқылы сөз өнерінің ерекшелігі мен жүйелі сөз сөйлеу дағдысы мен сөйлеу шеберлігін шыңдау; сөз құндылығын бағалауға, тарихи мәдени және ұлттық болмысын тану, этномәдени тәрбие беруге, сол арқылы әдеби тіл нормасына сәйкес мемлекеттік тілді қолданудың жаңа деңгейін қалыптастыру;

Шешендік сайыс 2 бөлімнен, 4 кезеңмен қамтылды. Шешендік сайыстың барлық кезеңінде қатысушылар шешендік сөз, шешендік толғау, нақыл сөз, көсем сөз, тұрақты тіркес, теңеулер, мақал-мәтелдер мейілінше молырақ пайдаланып, шешендігін, ой ұшқырлығын,білімін, тәрбиесін және образды ойлау деңгейін көрсетті.

Байқаудың жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, Алғыс хаттармен марапатталды. Жүлдегерлерге қаржылай және бағалы естелік сыйлықтар берілді.

Бас жүлде Балтабай Әсел Мақтаарал ауданы, Абылайхан атындағы N2 жом оқушысы.

І – орын Абдукарим Адина Түркістан қаласы, Абай атындағы N31 жом оқушысы

ІІ – орын Байзақ Балзия Төлеби ауданы, «Мәдени» жом оқушысы, Өзбекәлиев Биарыстанәлі Отырар ауданы, Темір жом оқушысы.

ІІІ – орын Құраш Қайсар Созақ ауданы, А. Сүлейменов атындағы жом оқушысы. Саин Ринат Шардара ауданы, Құрманғазы атындағы жом оқушысы. Туребек Еркеназ Ордабасы ауданы, Н. Нысанбайұлы атындағы жом оқушысы. Жеңімпаздар жеңістеріңіз құтты болсын!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.