ТҮРКІСТАН: «Ustaz CUP» атты мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі қазақ, орыс, ағылшын лигасы бойынша Ө. Жәнібеков атындағы N27 ІТ мектеп- лицейінде өтті

«Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «2022 жыл — Балалар жылы» деп аталуына орай, білім беру ұйымдарында пікірсайыс қозғалысын дамытудың өңірлік жоспарын іске асыру мақсатында «Ustaz CUP» атты мектеп оқушыларының пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі қазақ, орыс, ағылшын лигасы бойынша 2022 жылғы қазан айының 15 күні Түркістан қаласы, Ө. Жәнібеков атындағы N27 ІТ мектеп- лицейінде өтті. Пікірсайыстың мақсаты белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу, қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу. Дебат Америкалық парламенттік форматта жүргізілді. Жарысқа қатысқан сайыскерлер «Үздік төреші», «Үздік кейс», «Үздік фракция», «Үздік скипер» Алғыс хатымен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша қазақ лигасы: І орын Қазығұрт ауданы, «Жігерген жаққұттар» фракциясы Олжабай Әділхан, Кендір Ақтоты. ІІ орын Түркістан қаласы, «Domostes comet» фракцияы Дастан Жұлдызай, Бауыржанқызы Назерке, Бәйдібек ауданы, «Жеңіс тек бізде» фракциясы Шойынбекқызы Іңкәр, Жамбыл Өткел. ІІІ орын Мақтаарал ауданы, «Қазыбек би» фракциясы Рақымбай Маржан, Түркістан қаласы, «Арнайы әділдік үшін» фракциясы Дүйсен Дастан, Қалбай Нұртас. Сарыағаш ауданы, «Қыран» фракциясы Бердібек Салтанат, Ақмеңтай Арай. Ағылшын лигасы: І орын Сайрам ауданы, «Vip» фракциясы Абдусаматова Севинич, Аматниязова Саида. ІІ орын Түлкібас ауданы «Senegry»фракциясы Тілеукеева Ұлбике, Аманалди Шұғыла. ІІІ орын Кентау қаласы,»Саналы ұрпақ» фракциясы Изатуллаева Лайло, Насируллаева Барно. Бәдібек ауданы,»Ұшқыр ой» фракциясы Молдахан Ұлдана, Алибек Маржан. Орыс лигасы: І орын Түлкібас ауданы,»Не вопрос» фракциясы Эшенкулова Севера, Макатай Дінмұхаммед. ІІ орын Жетісай ауданы, «Фемида» фракциясы Мажит Балнұр, Тұтқабай Қадиша. ІІІ орын Сайрам ауданы, «Эрудиты» фракциясы Абдикаримова Жасмина, Казимирчик Карина. Кентау қаласы, «Саналы ұрпақ» фракциясы Анварова Алтиной. Ордабасы ауданы, «Анло» Нұрхан Әсем, Ғаниқызы Береке жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздары Түркістан облысының адами әлеуеті дамыту басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы»КММ-нің Дипломдарымен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды. Жеңімпаздар жеңістеріңіз құтты болсын!

Ad Widget

Recommended For You