-Апта басында университетімізге қарасты Ясауи ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Ясауи апталығы басталды. Қазан айының 3-10 аралығында өтетін іс-шараның ашылу салтанаты «Ясауи мұраларының зерттелуі, насихатталуы» атты дөңгелек үстелден бастау алды. Сондай-ақ, апталық аясында Ясауитану ҒЗИ-дің қазақ тіліне аударған Шайх Худайад ибн Таш-Мухаммад әл-Бухаридің «Мешіт пен намаз әдептері» атты еңбегінің тұсауы кесілді.
-Оқу орнымыздың 30 жылдығына арналған XXXI-ші дәстүрлі факультетаралық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі спартакиада 26 қазанға дейін жалғасады. Студенттер баскетбол, волейбол, қол күресі, кіші футбол, үстел теннисі, арқан тарту, эстафеталық ойын спорт түрлерінен бақ сынайды.
-«Экология және химия» кафедрасының профессоры Әбділда Тұрсынханұлы Мейірбеков «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнертапқышы» атағына ие болды
-Ұстаздар күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті. Мейрамға орай оқу орнымыздың 32 оқытушысына, оның ішінде 10 ардагер ұстазға арнаулы Алғыс хат және естелік сыйлық табысталды.