Түркістандық университет Қостанайға көмек қолын созды

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қостанай облысында орын алған табиғи апатта зардап шеккен тұрғындарға көмек ретінде төсек-орын жабдықтарын жөнелтті.
Тосыннан орын алған оқыс оқиға барша қазақстандықтардың қабырғасына батып отыр. Дәл осындай ауыр кезеңде көмек көрсетіп, қол ұшын беруді азаматтық борыш санайтын университет ұжымы бұдан бөлек, ерікті түрде бір күндік жалақыларын аударуға өтініш білдіруде.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, Ахмет Ясауи кәсіби колледжі мен Кентау кампусы да игі істен қапы қалмай көмек беруде. Университет тарапынан қолданылмаған 200 дана мақталы матрас, колледжден 70 дана төсек-орын, Кентау кампусынан 198 дана мақталы матрас пен төсек орындар жөнелтілді.
Айта кетейік, оқу ордамыздың Мәдениет орталығынан, Қостанай облысындағы табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек пункті ашылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.