Түркістан облысы, Келес ауданы №26 «Келес» жалпы орта мектебі 8 сынып оқушысы Үсен Зейнеп адам ағзасында кездесетін химиялық элементтер тақырыбында ғылыми зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Адам ағзасындағы химиялық элементтер — адам өміріне қажетті үрдістерді жүзеге асырып, ағзаның толыққанды дамуын қамтамасыз ететін элементтер тобы болғандықтан жоба өте өзекті.Жетекшісі, білікті педагог Өтепбек Нұрландыш та бұл тақырыптың маңыздылығын атап өтті:
— Шәкіртім химиялық элементтердің биологиялық рөлін талдап, жобаны қызығушылықпен жазды. Оқушылар адам ағзасына фосфор, йод, көмір, кальций қажет екенін күнделікті өмірде біліп жүргенімен, оның пайдасын ғылыми тұрғыдан зерттей бермейді. Сондықтан сабақ барысында осы тақырыпты тереңінен түсіндірген дұрыс,-дейді Өтепбек Нұрландыш.
Қазіргі таңда дәрумендерді көп қолдану керектігін ескерсек, жоба маңызы арта түспек. Сондықтан жас ғалым балаларға қажет дәрументерді де жеке талдайды. Ол осы жобасымен алдағы уақытта оқушылардың ғылыми жобалар жарысына да қатыспақшы.