Түркістан: «Оқуға құштар мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысының педагогтері арасында «KitapХАН@» кітап оқу жобасының ІІ кезеңі басталды.

Жоба мақсаты: аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдарының кітапхана мамандары, жалпы педагогтер, оқушылардың кітап оқу мәдениетін терең қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін арттыру. «KitapХАН@» кітап оқу жарысы ІІІ кезеңде өткізіледі.

KitapXAH@ кітап оқу сайысының 1 апталық шығарылымында: Бәйдібек ауданы, Шаян көпсалалы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі — Тілепбергенова Зағира жүлделі І орын иеленді. Қорғаған кітабы: Еркінбек Тұрысов «Темірлан». Төлеби ауданы, П.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі — Умбетова Тамара, жүлделі ІІ орын иеленді. Қорғаған кітабы: Әлібек Файзуллаұлы «Ең ұзақ түн». Созақ ауданы, А.Иманов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің кітапханшысы — Анарбайқызы Әдемі, жүлделі ІІІ орын иеленді. Қорғаған кітабы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Айлық кезеңге Тілепбергенова Зағира жолдама алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.