Түркістан: Студенттерге америкалық оқытушы сабақ береді

Бүгін Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова мен Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректоры Пусат Пилтен EL fellow бағдарламасы бойынша АҚШ-тан келген оқытушы Кейси Торнтонмен кездесті.
Кездесу барысында Жанар Темірбекова қонаққа университетіміздің тыныс-тіршілігі туралы ақпарат берді.
Әңгіме барысында Кэси Тронтон Түркиядағы университетте оқытушы болып қызмет атқарған екен. Басқосуда алдағы уақытта американдық оқытушымен бірге ағылшын тілі курстары жайлы жобалар жүргізу жоспарланды.
Кейси Торнтон оқу орнымызға АҚШ консулдығы ұйымдастырған English Language Fellow жоба аясында келді. Ол — ағылшын тілінің оқытушысы. Алдағы бір жыл көлемінде Филология факультетінің оқытушы құрамы мен студенттеріне дәріс беретін болады. Сондай-ақ, мистер Кэси сабақтан тыс кезде тренингтерден басқа да жобаларға атсалысатынын айтты. Жылы шыраймен қарсы алған университет басшылығына алғыс білдірді.
Айта кетейік, English Language Fellow жобаcына еліміздегі жоғары оқу орындарының көпшілігі қатысқан. Алайда, тең төрт университет үздік деп танылды. Олардың қатарында біздің университет те бар.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Nice post. I was checking constantly this blog and I am impressed!

    Very helpful info specifically the last part 🙂 I care for such
    info a lot. I was looking for this particular info for a long time.
    Thank you and good luck.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.