Түркістан облысы: Арыс қаласында «Өнерлі ұрпақ – өмірдің жарқын болашағы» атты апталық басталды

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты №32 Әліби Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінде бүгін «Өнерлі ұрпақ–өмірдің жарқын болашағы» тақырыбында эстетика пән бірлестігінің ашылуы өтті.

Мақсат оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, ынтымақтастықта жұмыс істеу, өзара қолдау көрсету, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұдан бөлек ұлттық қолөнерді жандандыру, ісмерлікке, еңбекке баулу, ұқыптылыққа, жүйелі еңбек етуге және шығармашылыққа тәрбиелеу де — назарда.

Аталған іс-шара барысында эстетика пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Өнер — халықтың асыл қазынасы» тақырыбында қолөнер көрмесі қойылып, бірнеше оқушылар арасында шеберлік сабағы өтілді. Түрлі ойындар ойнатылып, қолөнер бұйымдарынан сыйлықтар берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin