Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті

Бүгін Бәйдібек ауданының жасөспірім оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы бағытында аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Аталған іс-шарада құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, аудандық полиция бөлімінің бір күндік жұмыс күнімен және полиция бөліміндегі арнайы құралдармен таныстырылым жасалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына талапкерлерді жинақтау, полиция қызметіне үгіт-насихат жұмыстары түсіндіріліп, жүргізілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin