Түркістан облысы: «Жайлы мектептерге» жоғары оқу орындарынан білікті кадрлар шақырылып жатыр

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасымен салынып жатқан білім ұялары әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, балалардың сапалы, жанжақты білім алуына жағдай жасалмақ. Жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілмек. Осы мақсатта Түркістан блыстық білім басқармасының қызметкерлері Астана қаласында орналасқан «Binom School» мектептер желісінде болды.

«Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық беріледі. Сондай-ақ осы мектептерде жұмыс істейтін 41 басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ», Педагогикалық шеберлік орталықтарында арнайы курстардан өтеді. 2300-ден астам педагог-мұғалім «Жайлы мектеп» бойынша жұмысқа алынады.

Жоба аясында енгізілетін мектептерде педагогикалық кадрлармен сапалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылмаған «Үздік», «Қызыл диплом» түлектердің тізімін сұратып және жұмысқа орналасуға түсіндірме жұмыстарын жүргізуге ықпал жасау мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттеріне хаттар жолданып, бірлесе жұмыстар атқарылуда.

Еліміздегі жоғары оқу орындарының үздік түлектері «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатқан білім ұяларына ұстаздыққа шақырылады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Ал 2024 жылы салынатын 29 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

2025 жылы пайдалануға берілетін 26 100 орындық 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы 1 тамызға жоспарланған. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 жылдары ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Биыл пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтің сөзіне сүйенсек, жалпы, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Дәлірек айтсақ, оның ішінде 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық 2 мектеп бой көтермек.

2024 жылы пайдалануға берілетін 22 900 орындық 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Анықтама үшін егжей-тегжей түсіндіре кетейік. 2023 жылы басталған 29 мектеп мыналар:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық –   1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

Қазіргі таңда 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қазақтелеком» АҚ-ы мен «Транстелеком» АҚ-ы операторларымен техникалық шарттары алынды. Жоспарлы жұмыс 2024 жылғы 1 тамызға дейін толық іске асырылады.

Ал, 2025 жылы пайдалануға берілетін 26 100 орындық 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы                1 тамызға жоспарланған. Қазіргі таңда техникалық шарт негізінде жасалатын АТС-тен немесе муфтадан жайлы мектепке дейінгі жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жұмыс жобасы жүргізілуде.

«Өңір басшысының Келес ауданындағы іссапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне облыстық білім басқармасы сұраныс білдіріп, 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады» — дейді Жандос Маханбетов.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде екен. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек тоқталсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауға басымдық берілетін болады.

Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс атқаратын басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан толық өтетін болады.

Аталған жұмыстарды ұйымдастыруға қаржы қаралған.

Сонымен қатар, облыстық білім басқармасының қызметкерлері Астана қаласында орналасқан «Binom School» мектептер желісінде де болды.

Осы ретте, жаңадан ашылатын мектептерді немесе облыстағы жалпы мектептерді орындық, парта, тақта және т.б. қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мен мектептің ішкі бөлігін безендіруде «Binom School» мектептер желісінің тәжірибесі ескерілетін болады.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің құрылыс жұмыстары жобалаушы және мердігер мекемелері анықталмаған. Қазіргі таңда жер телімдерін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ының атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Нақтырақ айтсақ, 2025 ел игілігіне берілетін 34 мектеп төменде ұсынылып отыр:

— Түркістан қаласында 5 мектеп: 1200 орындық – 2 мектеп, 900 орындық – 2 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Кентау қаласында – 2 мектеп: 1200 орындық – 2 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 6 мектеп: 600 орындық – 3 мектеп; 900 орындық – 2 мектеп; 1500 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 3 мектеп;

— Қазығұрт ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 2 мектеп: 300 орындық – 2 мектеп;

— Сайрам ауданында – 2 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 3 мектеп: 900 орындық – 2 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында – 4 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 2 мектеп, 1500 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Түлкібас ауданында -2 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 2 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің ішінен қуаттылығы 600 орыннан жоғары 31 мектепті пайдалануға беру жоспарын мемлекеттік-жекешілік әріптестік шеңберінде іске асыруды ұсынуда.

Облыстық білім басқармасының қызметкерлері Астана қаласында орналасқан «Қаржы орталығы» АҚ-ында болып, тиісті талқылаулар өткізді.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin