Түркістан облысы: Мектеп оқушылары арасында «Айбын-2024» әскери-патриоттық сайысы өтті

Еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлына 100 жыл толуын мерекелеу аясында Түркістан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» ұйымдастыруымен Төлеби ауданындағы «Бәйшешек» жазғы сауықтыру лагерінде «Айбын – 2024» облыстық әскери-патриоттық жиынына іріктеу сайысы өткізілді.

Жарыстың ашылуына Түркістан облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев, облыстық білім басқармасы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» өкілдері, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мен жергілікті соғыс ардагерлері қатысып, жас сарбаздарға сәттілік тілеп жылы лебіздерін білдірді.

– Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардың бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып саналады. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шарадағы нәтижелер алдыңғы жылдармен салыстырғанда анағұрлым жақсы деуге болады. Тартысты өткен іріктеу сайысынан анықталған 10 ер баламыз бен 5 қыз бала алдағы халықаралық сайыста жақсы нәтижелер көрсетеді деп сенемін, – дейді Жандос Күлдербаев.

Жалпы, жарысқа аудан, қалалардан барлығы 17 командадан құралған 255 жасөспірім қатысты. Белтемірге тартылу, арқада жатып кеудені көтеру, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық мылтық ату, АК-74-ті жартылай шашу мен жинау, жамылғы түріндегі жалпы әскери қорғаныс киімін кию сынды жарыс түрлерінен бақ сынады.

«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жастар жиынының қорытындысы бойынша І орын Арыс командасына бұйырса, ІІ орынды кентаулықтар жеңіп алды, ал үздік үштікке Түлкібас ауданының құрамасы тұрақтады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен медальдар табысталды.

Айта кетейік, жарыс жеңімпаздары маусым айында Құрлық әскерлерінің әскери институтының базасында өткізілетін халықаралық кезеңге жол тартады.

Айбын демекші, елімізде «Айбын» ордені бар. 1995 жылы белгіленді.

Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayincіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады.

«Айбын» орденінің үш: I, II және III дәрежелері болады.

І және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады.

III дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады.

«Айбын» ордені қазақтың даңқты батырларының атымен аталады. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында ортаға салған-ды.

«Еліміздің жылнамасында есімі алтын әріппен жазылған батырларымыз аз емес. Мен халқымыздың осындай үш даңқты перзентіне жеке тоқталғым келеді. Майданға взвод командирі ретінде аттанған Сағадат Нұрмағамбетов соғысты Берлин түбінде батальон командирі болып аяқтады. Сұрапыл соғыстың барлық қиындығын көрген ол Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болды. Айрықша қолбасшылық қабілетімен аты аңызға айналған тағы бір тұлға – Бауыржан Момышұлы. Ол майдан шебіндегі ең қиын шайқастарға қатысты, батальон, полк, дивизия басқарды. Оның қоршаудан шығу тәсілі кейін соғыс өнеріне «Момышұлы спиралі» деген атаумен енді. Рақымжан Қошқарбаевтың өшпес ерлігі де бүгінде еш талас тудырмайды. Ол – алғашқылардың бірі болып Рейхстагқа ту тіккен батыр», — деп еді Президент.

Мемлекет басшысы өткен жылы өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында бірқатар ордендерді көрнекті тұлғалардың атымен атау мәселесін қозғаған еді. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Президенттің пайымынша, бұл отаншылдықты және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді.

«Қазір мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынды. Бұл жұмыспен Республикалық комиссия айналысып жатыр. Елімізде әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған «Айбын» ордені бар. Осы мәртебелі орденнің түрлі дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атаған жөн деп санаймын. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сол арқылы қаһармандарымыздың ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртамыз. Бұл бастама осы марапаттың мазмұнын байыта түседі. Халқымыздың біртуар перзенттеріне тән ерлік рухы осы ордендердің мәртебесін биіктетеді. Сондай-ақ награда иегерлеріне Отанымызға қалтқысыз қызмет етуге ерекше жігер береді. Мен бұған кәміл сенемін», — деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 15 наурызда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасын орындау және мемлекеттік награда жүйесін жетілдіру мақсатында «Айбын» орденін даңқты батырлардың есімімен атауға қатысты заңға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған еді. Бастама сенатта мақұлданды.

Жаңа нормаларға сәйкес «Ай­бын» орденінің түрлі дәре­же­­сіне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыр­жан Момышұлы, Ра­хым­жан Қошқарбаевтың есімін беру қарастырылған.

«Атап айтқанда, I дәрежелі «Ай­бын» орденін Сағадат Нұр­ма­ғамбетовтің есімімен, II дә­ре­же­лі «Айбын» орденін Бауыржан Мо­мышұлының есімімен, III дә­режелі «Айбын» орденін Ра­хым­жан Қошқарбаевтың есімі­мен атау ұсынылды», – деді Се­нат депутаты Андрей Лукин. 

Мақұлданған заң даңқты ба­тыр­лардың жауынгерлік ерлігін мәң­гілік есте қалдыру, сондай-ақ жалпыұлттық сананы, қа­зақ­стан­дық азаматтық бірегейлікті ны­ғайтуға, әскери-патриоттық тәр­иені дамытуға өз үлесін қо­са­ды. Сенатор Алишер Сатвал­диев соғыс майданындағы ерлігі – елге мұра, бейбіт күндегі ерен еңбегі ұр­паққа үлгі болған батыр­ла­ры­мыз Сағадат Нұрмағам­бе­тов­тің, Бауыржан Момышұлының және Ра­қымжан Қошқарбаевтың есі­мін ұлықтау арқылы Мем­ле­кет­тік наградалар жүйесін же­тіл­діру­ді мақсат тұтқан заңды то­­лық қолдайтынын жеткізді. 

«Әріптестеріміз Нұртөре Бай­­тілесұлы, Ғалиасқар Төлен­ді­ұлы және Парламент Мәжілісінің бірқатар депутаты бастама­шы­лық еткен бұл құжат қазір Қа­зақ­стан Республикасының мем­лекеттік идеологиясының не­­гізгі ұстанымы қазақстандық пат­риотизмді қалыптастыру ісіне қызмет етеді деп сенемін. Заңда көзделген стратегиялық мақ­саттың бірі – жастарды пат­риотизмге тәрбиелеу, жас ұрпақ­тың рухын көтеру, адами ұста­ным­дарды қалыптастыратын тәрбие беру және тәрбиелік ор­­­таны құру. Қазіргі қоғам да­муы тұлғаның жаңа әлеуметтік ти­пін қалыптастыруды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елжанды, отансүйгіш ұр­пақ тәрбиелеуді талап етеді», – де­ді ол. Алишер Сатвалдиевтің ай­туынша, талқыланып отырған заң­ның ұрпақтар сабақтастығын байланыстыруда маңызы ерек­ше. Сөз соңында сенатор «Ел үмі­тін ер ақтар, ер атағын ел сақ­­тар» деген халық даналығын дә­ріптей келе, талқылап отыр­ған заңды қолдауға шақырды.

Жалпы, орден-медальдарға тұлғалардың есімін беру көп­теген елде бар тәжірибе. Еу­разия ұлттық университетінің та­рих ғылымдарының докторы, про­фессоры Мақсат Алпысбес бұл тәжірибе халқы үшін ерен ер­лік танытқан батыр­ла­ры­мыз­дың есімін мәңгі есте сақтауға сеп болатынын айтты. 

«І дәрежелі «Айбын» ор­­деніне Сағадат Нұрмағам­бе­тов­­тің, ІІ дә­­ре­желі «Айбын» ор­­­­деніне Мәс­кеу тү­бінде үлкен ер­лік көрсеткен Бауыржан Мо­мышұлының және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденіне Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев есі­мінің берілуі өте дұрыс ше­шім. Бұл жас өскелең ұрпақты отаншылдық және ер­лік мінезді етіп тәрбиелеуде зор рөл атқара­ды. Бұл награ­далар­дың бір мін­деті – соғыстағы ұлым­­­дық­ты күй­ретіп, жеңіске же­туде қ­азақ хал­қының қаһар­ман­­­да­ры­ның есімін тағы бір ес­­ке алып, тарих ақи­қатын ұмы­т­тыр­мау. Бү­кіл әлем гитлерлік Рейхстагқа қазақ ба­ыры Рақым­жан ту тіккенін ұмыт­пауы керек. Барша ел Мәс­кеуді қор­ғау­да ең үлкен ерлік көр­сеткен Бауыржанның соғыс өне­рін білу­ге тиіс. Көпте­ген әлем елін­де өздерінің даңқ­ты, әсіресе елін, жерін қор­­­ғаған ба­тыр­ла­ры­ның және мем­­­ле­кет­тің дамуына үлес қос­қан тұлға­лар­дың есімі­мен осын­дай награ­да­ларды атау қа­лып­тасқан дәс­түр. Соның ая­­сын­­да біз­дің ел­де де мақұл­дан­­ған ше­шім өте дұрыс деп ба­ғалаймыз. Сондық­тан «Ай­бын» орденінің дәре­же­лерін әлем майданында ұлы ер­лік көрсеткен батырлары­ның есімі берілгені ер­лік дәстүрді дәріп­теуге қыз­мет ететін үлкен табыс деп бі­леміз. Де­мек, бұл «Ай­бын» ор­дені нагр­даларының дәре­же­ле­ріне ба­тыр аталары­мыз­дың есі­мін бе­кіту, барша әлем­ге ел қор­ғау­дағы қазақ ерлі­гі­нің үл­гі­сін асыл өнеге етуге тиіс», – дейді тарих­шы М. Ал­пыс­бес.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin