Түркістан облысы: Мектеп оқушылары арасында «ProEco» жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтіп жатыр

5-8-ші сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі бүгін Түркістан қаласындағы Түркістан білім-инновация лицейінің базасында өткізіліп жатыр.
Конкурстың мақсаты экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау болып табылады. Облыс бойынша конкурсқа 95 оқушы (77 жоба) қатысып, бақтарын сынып бағуда.
Аталған конкурс келесі бағыттар бойынша өтуде:
— «Туған өлке табиғаты» бағыты – виртуалды саяхат;
— «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты – дебаттық пікірталас;
— «Үздік экологиялық бастама» бағыты – экодизайнерлер байқауы;
— «Таза қала сізден басталады» бағыты – видеороликтердің презентациясы.
Конкурстың ашылу салтанатында “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығының” оқу-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Күләш Ерімбетқызы Нұржанова сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin