Түркістан облысы: Ордабасылық оқушылар республикалық дебатта жүлделі орынды иеленді

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында өткен Республикалық «Ділмар» тележобасы аясында мектеп оқушыларының қазақ лигалары арасында пікірсайыс турниріне «Алтын сапа» фракциясы Ордабасы ауданындағы М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-шы сынып оқушысы Бағым Қыдырбек /жетекшісі Гүлнар Әлайдарқызы/ пен Н.Нысанбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Бериван Асанова /жетекшісі Балқия Әшірәлі / қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

«Пікірсайыс – пікірлер алаңы. Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі-қолбасшылық, екіншісі — шешендік» — деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікірдің қалыптасып, жеткізе білудің өзі – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, көркемсөзді келістіре айту кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық.

Ордабасылық жас дебатшылардың шешендік өнерлері өрге жүзсін!

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin