Түркістан облысы: Отырарлық жаңашыл ұстаздар өзара бақ сынасты

Т.Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебі базасында мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері және мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілері арасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауы өтті.

Байқауға жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес ұстаздар қатысып, екі кезеңде бақ сынады. Қатысушылар алдымен оқу-тәрбие үдерісі барысынан сұраққа жауап берсе, екінші кезеңде өз сабақтарын қорғап, қолданған әдіс-тәсілдер мен көрнекі құралдардың тиімділігін көрсетті. Бағалау критерийлері болып ұсынылған материалдың жаңашылдығы, сапасы, тақырып мазмұны, қатысушының сөз сөйлеу шеберлігі, негізділігі, дәлелдері болып табылды.

Байқауда қатысушылар арасында оқ бойы озық болған бастауыш сыныптар бойынша Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Зирагүл Ходжаназарова, мектепалды даярлық тобы бойынша Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің тәрбиешісі Жазира Ибрагимова және «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Айзат Мырзахметова болды. Жеңімпаз болған ұстаздардың «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауының облыстық кезеңінен де жүлдемен оралуына сенім білдіре отырып, сәт сапар тілейміз.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin