Түркістан облысы: Отырарлық оқушы республикалық конкурстардан жүлделі І орынмен оралды

Отырар ауданына қарасты Жамбыл атындағы мектеп-лицейінің 4 «б» сынып оқушысы Шапағат Медеубекқызы Дербісбек Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сүйене отырып «Мың бала» республикалық зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының ақпан-наурыз айларында өткен «Мақатаев оқулары» конкурсына қатысып, жүлделі І орын иегері атанды.

Сынып жетекшісі Алия Сериеваның айтуынша, Шапағат Дербісбек сыныптағы оқу үздігі екен. Оның бойындағы өнерге, спортқа деген қызығушылығы орасан. «Жас өреннің үлкен додаларда топ жаруы бізді қуантады, Шапағат – мектеп мақтанышы! — дейді ағынан жарылып.

Талантты шәкірт мұнымен тоқтап қалған жоқ. Әрі қарай да өнерге деген ынта-ықыласын шыңдай жүріп, Алматы қаласында «Жаңа Қазақстан» республикалық дарынды жастарды қолдау бағытында мектеп оқушылары арасында өткізілген республикалық «Әділхан ата мұрасы» атты сурет-қолөнер байқауында үздіктер қатарынан көрініп, І дәрежелі марапатпен оралды. Өнерімен өрге өрлеген Шапағатқа әрдайым қолдау білдіріп, оның өнер-білім бәйгесінде оқ бойы озық болуына жетелейтін ұстазы Бақытгүл Махашқа айтар алғыс мол.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin