Түркістан облысы: Отырар ауданында «Ел үміті» жобасы байқауында жеңімпаз атанған оқушылар марапатталды

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов дарынды балалар мен жастарды кешенді қолдауға арналған «Ел үміті» жобасы байқауында жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттады.

Аталмыш жоба – әр қатысушыға қиындықтарды жеңіп, әр түрлі салада өзін жүйелі түрде дамыта алатын, көшбасшылық қабілеті бар, үйлесімді тұлға қалыптасыруға бағытталған еліміздегі жалғыз жоба. Бағдарлама негізі 5 бағыттан тұрады: кітап оқу, спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, волонтерлік, ұлттық мұра. Мақсаты оқушылардың өз уақытын тиімді әрі дұрыс басқаруына септігін тигізеді әрі салауатты өмір салтын ұстанып, үнемі даму үстінде болуға баулиды.

Биыл республикалық онлайн байқауға қатысып, бақтарын сынаған отырарлық дарынды оқушылар үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Білім бәсекесіндегі үлкен еңбектің арқасында Жамбыл атындағы мектеп лицейінің оқушысы Айсұлу Сержанқызы Маханбетжан қола медаль иегер атанса, Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернатының оқушылары Гаухар Мақсатқызы Мүсәлі қола медаль, Нұрай Мамрайханқызы Амангелді күміс медальды жеңіп алды.

Аудан әкімінің орынбасары жеңімпаз оқушыларға және осындай дарынды балаларды тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан ұстаздарға ізгі тілектерін айтып, алғысын білдірді. Алдағы уақытта да ауданның мәртебесін асқақтата береді деген үмітте екендігін жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы медаль және төсбелгімен марапаттап, гүл шоқтарын сыйлады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.