Түркістан облысы: Отырар ауданында «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектептерде іс-шаралар ұйымдастырылды

Отырар ауданының «Темір жалпы орта мектебі» КММ-де 11 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жасөспірімдерді кітап оқу мәдениетіне баулу, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу мақсатында мектеп кітапханашылары Ш.Керімбаева мен А.Райымқұловалардың ұйымдастыруымен «Үздік оқырман» тақырыбында 5-9-шы сынып оқушылары арасында байқау өтті.

Байқауға 13 оқушы қатысып, өз білімдерін дәлелдеді. Байқау барысында оқушылар 3 кезең бойынша сайысты. Сайыс мақсатын А. Райымқұлова қысқаша түсіндіре келе, жас оқырмандарға сәттілік тіледі. Байқауда әр оқушы оқыған әдеби кітап мазмұнын қысқаша айтып, эссе жазды, берілген сұрақтарға өз жауаптар берді. Байқауға мектеп директоры А.Қасымбек бастаған ұстаздар қауымынан құралған әділқазылар қазылық етті. Байқау қорытындысында оқушылар «Білімді оқырман», «Парасатты оқырман»,» Білгір оқырман», «Көркем тілді оқырман»,»Ұшқыр ойлы оқырман» сынды номинациялармен марапатталды. Ал 9-сынып оқушысы Жансая Сайфулла «Үздік оқырман» атанып, 1-орынды иеленді. Жиынды мектеп директоры А.Қасымбек қорытындылап, оқушыларға білім жолындағы еңбектеріне табыс тілеп, бұл шараның жалғасын табатындығын айтты.

Ал Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 26.10.2022 жылғы №260 хатына сәйкес «Оқуға құшар мектеп» жобасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, сол арқылы тіл байлығын дамытып, азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға баулу мақсатында Т. Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Мөлдір Байдәулетованың ұйымдастыруымен 5-9-шы сынып аралығындағы оқушылардың қатысуымен «Үздік оқырман» байқауы өтті. Байқауға қатысқан оқушылар өз деңгейлеріне сай қалаған шығармаларын таңдап алып, таңдаған шығармаларын талдап, қорғап шықты. Әділқазылар алқасы ұйымдастырушы педагог А.Аққұл және қазақ әдебиеті пән мұғалімі М.Жанаева сынды ұстаздар байқауға қатысқан әр оқушыға әділ бағаларын беріп, І орын иегері 6 «Б» сынып оқушысы Арайлым Пернеш, ІІ орын иегері 5 «Б» сынып оқушысы Нұрай Арыстанбек, 6 «Б» сынып оқушысы Кәусар Әбдіхамитқызы ІІІ орын иегері атанды, байқауға қатысқан басқа да оқушылар «Үздік оқырман» және «Ең үздік шығарма» мектепішілік номинацияларымен де марапатталды.

Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 28.10.2022 жылғы №261 қатынас хатына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім алушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында «Саттар Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Төлімбетова бастаған әкімшілік құрам (20 минуттық) «Оқу сағатын» өткізді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқу сағатына мектептің барлық қызметкерлерін қатысуға шақырды.

Оқу сағатында Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан», Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер», Қалмахан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Оразақын Асқардың «Ел ішінде» шығармалары оқылып, тыңдалды.

Сонымен қатар С.Ерубаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінде мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасы негізінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға баулу мақсатында өткізілген іс-шара өткізілді. «Үздік оқырман» байқауында оқушылар өздерінің оқуға құштарлығы мен білімділігін көрсетті. Аралық сыныптар арасында өткізілген «Кел, балалар, оқылық!» сайысында оқырмандар белсенділік танытты. Мадақтамалармен марапатталды.

Бұдан бөлек «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапқұмарлықты арттыру және кітапты жиі оқуға дағдыландыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, пайдасын түсіндіру мақсатында «Сейітқасым Әшіров атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде зертханашылар 20 минуттық оқу сағатын өткізді. Өз кезегінде шығармалар таңдап алды. Ақтолқын Амангелді С.Мұқановтың «Сұлушаш» романын оқыды. Көзі қырағы, зейінді оқырмандар көбейе берсін!

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Оқу-ағарту министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге асуда. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енді. Білім берудегі кітап оқуға үйрету мәселелері әрдайым маңызды болғанымен, оқу сауаттылығын дамыту тапсырмасы ҚР-ның мемлекеттік білім беру стандартын жүзеге асыратын заманауи мектеп үшін жаңа сала болып табылады. Оқу сауаттылығы қазіргі қоғамдағы өмірге дайындық үшін ең маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Оқу мәдениеті оқушылардың нақты және жаратылыстану ғылымдарын, еңбекке үйрету және дене шынықтыру, сондай-ақ басқа да пәндерді табысты оқып білу үшін міндетті ме? Жауабы анық. Әрине, иә. «Оқу мәдениеті — өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру факторы» деген түйін сөз бекер айтылмайды. Оқуды дамытуда әдістемелік әдістерді жүйелі және мақсатты түрде қолданған жағдайда оқушының дербес оқуын қалыптастыруға үлес қосады.

Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.