Түркістан облысы: Отырар ауданында Республика күні қарсаңында көрікті кешен бой көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытау төрінде өткен алғашқы құрылтай жиынындағы ұсынысымен ұлттық 25 қазан — Республика күні мерекесі қайта өз тұғырына қонды. Аталаған мерекеге орай, Отырар ауыл округі, Мөлке Шойманов ауылының азаматы Нұржан Нұрашов туған жеріне жабық спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын аяқтап, салтанатты түрде ашты.

Ауылдың күннен-күнге сәулеттеніп, ажарланып келе жатқан ажарына ажар қосып, спортсүйер қауымға ерекше көңіл-күй, қуаныш сыйлаған жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манапов, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қаржыгер Нұрлыбек Балғабеков пен белгілі кәсіпкер, спорт жанашыры Әбдімәжит Сыздықбеков жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, жомарт жүректі азамат Нұржан Сатыбалдыұлына шынайы алғыстарын жеткізіп, алдағы істеріне толағай табыстар тіледі.

Ал, Отырар ауданының Құрметті азаматы, ақын Бегаман Сұлтаев өзінің жүрекжарды лебіздерін жыр шумақтарымен өрнектеп жеткізсе, отырарлық ағайындар атынан арғымақ атқа мінген кәсіпкерге қария Бекбатыр Әйменов ақ батасын берді.

Жомарт жүректі жеке кәсіпкердің өз қаржысына салып берген сәулетті спорт кешенінің есігіне керілген лента қию рәсімі аудан әкімі Сәкен Асылханұлы мен мәслихат хатшысы Мырзахан Бексұлтанұлы және Мырзахмет Темірбеков пен Жаңабай Айсейіт қариялардың қатысуларымен қиылғаннан соң, жиналған жұртшылық жаңа нысанды тамашалады.

Жиын соңында кіші футболдан жастар арасында ұйымдастырылған «Отырар лигасы» ойындары қорытындыланып, шебер ойын өрнегін көрсеткен спортшыларға медальдар мен сертификаттар және кубоктар салтанатты жағдайда тапсырылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.