Түркістан облысы: Отырар ауданында Рухани келісім күні аталып өтті

Бүгін аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет сарайында «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты іс-шара өтті. Мазмұнды өткен жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы және мекеме қызметкерлері, дін өкілдері, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудан басшысы Сәкен Асылханұлы ашып, мерекеге орай дін өкілдеріне өз құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы да тақырып аясында құттықтау сөз сөйлеп, жиыға қатысушыларды тағылымы мол мерекемен құттықтады.

Рухани келісім күні мерекесі аясында аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов ауданда діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосқан дін қызметкерлерін арнайы алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпаттар тапсырды.

Әрі қарай ауданның бас имамы Ғани Дербісбай мен облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы Өтеген Бердуәлі ұлтаралық татулық, діни келісім жайлы баяндама жасаса, шара соңында дін тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетіліп, жиналған көпшілікке рухани азық сыйлады.

Еске салсақ, 1992 жылдың күзінде Алматыда бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өткен болатын. Конгреске қатысушылар 18 қазан күнін «Рухани келісім күні», яғни, татулық іздеу, қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтау салу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. Міне, 30 жылдан бері қазақстандықтар бұл күнді адамдар арасында түсіністік, келісім мен бейбітшілік орнату күні ретінде атап өтуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.