Түркістан облысы: Отырар ауданында биыл жалпы көлемі 67,5 мың гектар жайылым жерді қайтару жоспарланып отыр  

Отырар ауданының жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары саласының 2022 жылдың 9 айында атқарыған жұмыстарының барысына үңіле отырып осындай ақпаратқа көзіміз түсті.

Отырар ауданының жалпы жер көлемі          1 675 743 гектар
Оның ішінде:  
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 640667 гектар
суармалы 42 250  гектар
жайылым 596 690  гектар
шабындық 1294 гектар
көп жылдық екпелер 433 гектар
Елді мекен жері

(оның ішінде: 37 елді мекен бойынша ортақ жайылымы)

56 672 гектар

50 593 гектар

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер 7450 гектар
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреакциялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер 34149 гектар
Орман қорының жері 827473 гектар
Су қорының жері 10013 гектар
Арнайы жер қоры 124130 гектар
суармалы 314,6 гектар
жайылым 81453 гектар
шабындық 1606 гектар
басқада жерлер 41164 гектар

ҚР Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасын және ҚР Премьер Министрінің бірінші орынбасары Р.Склярдың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Отырар ауданы бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы және ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерге зерделеу жұмыстары жүргізілген екен. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін жалпы көлемі 57 949,78 гектар (2743,94 гектар суармалы, 55060,84 гектар жайылым, 145 гектар шабындық) жерлердің қаулылары аудан әкімдігінің қаулысымен жойылып, ауданның арнайы жер қорына қайтарылыпты.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерін мақсатына сай игермеген агроқұрылымдардың 162 703,81 гектар (8191,7 гектар суармалы, 154 512,11 гектар жайылым) жерлерінің тізімі ҚР Жер Кодексінің 92, 94-ші баптарына сәйкес Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне шара көру үшін жолданған. (Мерзімі 1 жылды құрайды). Мақсатына сай игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын ҚР Салық Кодексінің 503-бабының 1-2-ші тармағына сәйкес 20 есеге салық төлемін ұлғайту мақсатында шешім жобасы дайындалуда. 2022 жылы елді мекеннің ортақ мал жайылымына 157,1 мың гектар жерлерді қосу жоспарланған.

Оның ішінде нақтырақ айтсақ:

I жартыжылдықта 26,9 мың гектар және II жартыжылдықта 40,6 мың гектар, жалпы көлемі 67,5 мың гектар жайылым жерді қайтару.

Меморандум арқылы жайылыммен қамтамасыз ету (Ірі жер пайдаланушы шаруалар арқылы) I жарты жылдықта 36,1 мың гектар және II жарты жылдықта 54,3 мың гектар жалпы 90,4 мың гектар жайылым жерлермен келісімшарт түзу.

Қазіргі таңда ірі агроқұрылымдармен екі жақты меморандум арқылы 47 745 гектар жайылым жерлермен келісімшарт жасалды.

Атап айтқанда:

Ауыл округі атауы Жалпы жайылым жер көлемі, гектар Бүгінгі таңда ортақ жайылым жер көлемі, гектар Бүгінгі таңда ортақ жайылым бойынша екі жақты меморан-думға отырғаны көлемі, гектар Жалпы аудан бойынша қайтарылған жер көлемі 2022 жылы ТО жер ресурстарын басқару департаменті-не қайтаруға берілген жер көлемі, гектар
Жайы-лым Суар-малы Жайы-лым Суар-малы
1 Аққұм 28 565 1002 14 407,8 2853,84 338,28 9479,8 5591,7
2 Ақтөбе 20 712 2458 6 093 1155,54 68,24 8 367,8  
3 Балтакөл 31 005 3043 5 068,9 1986,01 80,90 12 589,8 2600
4 Көксарай 208 679 7990 8636,81 906,8 51786,7  
5 Қарғалы 55 814 3786 3193,6 2652,46 6,84 17 114,6  
6 Қоғам 4 279,5 3084 3 099 478  
7 Қарақоңыр 106 759 4236 9699,21 728,03 25160,2  
8 Маяқұм 100 534 6819 7 890,2 20910,67 367,8 17416,7  
9 Отырар 8 729,4 1918 1 736,2 1095 92,11 3532,4  
10 Талапты 8 009,4 2000 1 822,1 70 71,5 3680,9  
11 Шілік 23 517 5717 4 434,2 3146,3 138,7 4904,9  
12 Шәуілдір 3210    
13 Темір 5330    
  Барлығы 596 693,3 50 593 47 745 55205,84 2743,94 154 512,11 8 191,7

Ағымдағы жылы 13 ауыл округінің (38 елді мекен) аймаққа бөлу коэффициентін жасауға 12,0 млн. теңге қаржы қаралып, атқарылған жұмыстарды алдағы мәслихат сессиясына бекітуге ұсынуға құжаттары әзірленуде екен.

Одан бөлек 8,0 млн. теңгеге 9 елді мекеннің шекарасын өзгерту бойынша құжаттары әзірленіп жатқаны белгілі болды.

Қазіргі таңда 11 елді мекеннің (Көлқұдық, Үштам, Ызакөл, Жанкел, Ш.Қалдаяқов, Арыс, Ынталы, Сарыкөл, Қостерек, Шәуілдір, Ескі Шілік) шекарасына өзгеріс енгізу туралы құжаттар дайындалып, шешім жобасы мәслихат сессиясына бекітуге ұсынылып отыр.

 Ағымдағы жылы ҚР Жер Кодексінің 43-1, 48-ші баптарына сәйкес 1 конкурс, 2 аукцион өткізу жоспарлануда.

Атап өтер маңызды жайт, жыл басынан Түркістан облысындағы елді мекен тұрғындары 325,5 мың гектар жайылымдық жермен қамтылды. Жалпы өңірде 1 млн. гектар жерді қайтару міндеті қойылған. Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1012,0 мың гектарға ұлғайту жоспары әзірленіп, елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету бойынша әр айға жоспар кестесі бекітілген. Бүгінгі күні бұл жұмыстар екі бағытта жүзеге асырылуда. Бірінші бағыт бойынша мақсатына сай пайдаланылмаған 405,2 мың гектар жайылымдық жерді мемлекет меншігіне қайтару көзделсе, екінші бағыт бойынша ірі жер пайдаланушылармен меморандум арқылы 606,8 мың гектар жерді қайтару жоспарланған. Ал бүгінде 58,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 267 мың гектар жайылым елге берілді. Сонымен қатар 2021 жылы құрылған жұмыс тобы тарапынан аудан, қала әкімдіктері бойынша жайылым жер учаскелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 476,2 мың гектар жер мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталып, хабарлама берілген.

Түркістан облысының әкімдігі жайылым жерді елге қайтару жұмысы жалғасатынын жеткізді. «Жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Аудан әкімдері жауапты басқармалармен бірлесіп жұмысты жалғастыруы тиіс. Біздің меже – бір миллион гектар жайылымды қайтару. Қазірдің өзінде 30 пайызы қайтарылып үлгерді. Меморандум арқылы жақсы жұмыс атқарылып жатыр. Жердің иелері жайылымға мұқтаж жандар өздерінің ауылдастары екенін түсінуі тиіс. Игерілмей жатқан жерді ешкім бос қалдырып қоя салмайды. Әр ай сайын осы мәселе аппарат отырысында күн тәртібіне енгізіліп тұрсын. Жайылым мәселесі тікелей қадағалауда болады», – дейді жауаптылар.

Ал осы тұста ҚР Бас прокуратурасы елімізде бос жатқан және заңсыз берілген жайылым жерлерді мемлекетке қайтару бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтерді жариялады. ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан деректерге қарағанда, жайылымдық учаскелерді ұтымды пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету — прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 млн. гектар бос және 3 млн. гектар заңсыз берілген жайылымдарды анықтады, олардың 5 млн. гектары мемлекетке қайтарылып, 4 млн. гектары айналымға тартылды. Жұмыс нәтижелері учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын тудыратынын көрсетті. Осы себепті адал фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылады, бұл уақыт өте келе олардың тозуына алып келеді. «Бүгінде елімізде шамамен 15 млн. гектар қоғамдық жайылымдар жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың мал жаюы проблемасын тудырады.

Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Мемлекетке қосымша 5 млн. гектар жерді қайтару жоспарланып отыр. Жергілікті жерлердегі шаралар бойынша әкімдіктер қоғамдық жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке адамдарға беруге жол бермеуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ онда жайылымдарды беру кезіндегі заңбұзушылықтар және тиісті бақылаудың жоқтығы үшін прокуратура органдарының қадағалау актілері бойынша 520 лауазымды адам, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттері үшін тәртіптік жауапқа тартылды.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды мемлекет иелігіне қайтару туралы тапсырмасы қоғамдық пікірді тағы да бір толқытып жіберді. Өйткені көптің көкейіндегі мәселе осы. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жайылым жетпейді. Мал жаятын өрістің көбі жекенің қолына өтіп кеткен.

«Жайылымдардың 99 пайызы — шаруа қожалықтардың иелігінде. Оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 млн. гектар жайылым жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биыл жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтаруды тапсырамын», деді Мемлекет басшысы былтыр.

Мұның алдында Президент «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында әрбір қазақстандықты алаңдататын мәселелерге тоқталған. Елдің біртұтастығы жайында баяндай келе, еліміздің жері ешкімге сатылмайтынын, шетелдіктердің меншігіне берілмейтінін айтқан. Сондай-ақ биыл жер мәселесі жөніндегі комиссия құрылып, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдалану туралы нақты бір байлам жасалатынын жеткізген.

Естеріңізде болса, бұл мәселе 2019 жылдың желтоқсан айында да көтерілген еді. Сол кездегі Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев «Жайылымдар туралы» заңда айтылған мәслелер тек қағаз жүзінде ғана қалып отырғанын айтып, Үкімет басшысына сауал жолдаған. Депутатқа берген жауабында Премьер-Министр Асқар Мамин арнайы жүргізілген талдаудың нәтижесі республикадағы жекелеген ауылдық елді мекендерде, әсіресе, оңтүстік өңірлерде жайылым жердің тапшылығын көрсеткенін, осыған байланысты «Жайылымдар туралы» заң шеңберінде ауыл-аймақтардың жайылым жерін қайтадан бөлу қарастырылып отырғанын атап өткен. Сондықтан Мемлекет басшысы жайылым мәселесін тектен-текке қозғамаса керек.

2015 жылдың 2 қарашасында еліміздің Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі. Құжаттың 24-бабына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартылды. Есесіне, осы уақытқа дейін жер телімін 49 жылға дейін жалға алып, шаруасын дөңгелетіп отырған отандастарымыздың құқы шектелді. 2016 жылдың наурыз айында сол кездегі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев сол жылдың 1 шілдесінен бастап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1,7 млн. гектар жер аукцион арқылы сатылымға шығатынын мәлімдеді. Бұл мәлімдеме халықтың наразылығын туғызып, бірнеше қалада жаппай қарсылық шаралары өтті. Елдің наразылығынан кейін жерге байланысты 14 маңызды шешім қабылданды. Онда жалға беретін телімдердің шекті көлемі анықталып, жерді пайдалану тәсілдері мен оны тиімсіз пайдаланған жағдайда мемлекетке қайтару туралы ұсыныстар енгізілді.

Осылайша, қазақстандықтарға жерді 49 жылға дейін жалға беру нормасы сақталып қалды, «Жайылым туралы», «Жердің құнарлылығын арттыру туралы» құжаттар әзірленді.

Белгілі қоғам қайраткері, экономист Қуаныш Айтаханов та Үкімет 2016 жылы жерге байланысты енгізілген ұсыныстарды қайта қарап, нақты шешім қабылдау қажеттігін айтты. «Кезінде жер телімдері қалай жекенің қолына өтіп кетті? Олар телімдерді қандай мақсатқа пайдаланды? Осы мәселелер көлденең қойылуы керек. Егер жер орынсыз беріліп, мақсатсыз пайдаланылған болса, онда телімдер мемлекет меншігіне қайтарылуы тиіс».

Экономист 1993 жылы қабылданған Жер кодексіндегі жер қоры туралы тармақты да ерекше қаперде ұстау керектігін жеткізді. «Әсілінде осы тармаққа сай әрбір облыста, әрбір ауданда ашылған жер қорына мемлекет иелігіндегі жердің 40 пайызы берілуі керек еді. Үкімет пайдаланбай жатқан жер телімдерін осы қордың қарамағына өткізіп, жұмысын жаңғырту керек. Мұндай қадам жерге қатысты сенімсіздікті аз да болса сейілтер еді», дейді ол.

Қ.Айтахановтың сөзінше, 2016 жылы комиссия жеке тұлғаларға берілетін жер көлемін нақтылап, Үкіметке ұсынған. Бірақ сол кездегі Үкімет қандай шешім шығарғаны елге белгісіз. «Осы ретте жерді жалға аламын деген азаматтар мен жер қоры және аудан басшылары арасында келісімшарт түзілуі тиіс. Бұл шартта жер қандай мақсатқа игерілетіні нақтыланып, тараптардың міндеттемелері айқындалуы керек. Егер құжаттағы міндеттер орындалмаса, онда жер кері мемлекетке қайтарылатындай еткен абзал», дейді Қ. Айтаханов.

Экономист-сарапшының айтуынша, оңтүстіктегі ағайынды солтүстікке қоныстандыру мәселесін де жер арқылы шешуге болады. Ол үшін солтүстікке қоныс аударуға ниет еткендерге Үкімет уәде берген қосымша қаржымен қоса, бірнеше жүздеген гектар жер де жалға берілгені дұрыс. Сонда босап қалған аймаққа ел қондырсақ деген арман-жоспар орындалады. Бұл үшін жобаны мемлекеттік бағдарлама деңгейінде қарастыру керек.

– Қазақ жерді игере алмайды деген бос сөз. Жерді сауықтырып, оны жөнімен пайдалана алатын азаматтарға жалға беру керек. Біз осы арқылы азық-түлік проблемасын да шеше аламыз, – дейді Қ.Айтаханов.

Қалай болғанда да, ауылдағы ағайын алдындағы малын бағатын жайылым таппай жүргенде осыншама жердің пайдаланылмай бос жатқандығы ақылға сыймайды. Ресми деректерге сүйенсек, еліміз бойынша 94,3 млн. гектар жайылым қолданысқа берілген. Оның 78 пайызы – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің, 22 пайызы – елді мекендердің қарамағында. Ал, елді мекендердің еншісіндегі жер қара тақыры шыққанша пайдаланылады. Өйткені, оларда өлкенің оты түгесілсе де мал бағынын ауыстыратындай басқа қоры жоқ. Бұл жайт тек қана мал өнімінің сапасына ғана емес, санының кемуіне де едәуір әсерін тигізуде. «Ашқұрсақ» түліктен «татымды» тауар өндіру де мүмкін емес. Осыдан барып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіру көрсеткіші төмендейді. Кәдеге жаратылмай жатқаны -заңды тұлға – шаруа қожалығының үлесіндегі жер. Не өзі жұмыс істемейді, не өзгеге пайдалануға мүмкіндік бермейді. Заңды түрде шаруашылық ашып, қажетті мыңдаған жер телімін алғанымен кәсібін жүргізе алмай, жауып тастап жатқандары қаншама. Бірақ, жалға алған жер телімі — әлі күнге дейін солардың иелігінде. Үкіметке қайтаруға құлықсыз тұлғалар жетіп артылады.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.