Түркістан облысы: Отырар ауданында бокстан республикалық турнир бастау алды

Бүгін Ақтөбе ауылындағы Ә.Қамбаров спорт кешенінде «2022 жыл — Балалар жылы» аясында бокстан Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Омаровты еске алуға арналған 2011-2012 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ХІ республикалық турнир бастау алды. Турнирдің ашылу салатанатында аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы Құлмаханов құттықтау сөз сөйлеп, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.

Мемлекет басшысы ұлт саулығын қамтамасыз етуде бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айтып, үнемі халықты спортпен шұғылдануға шақырып келеді. Осы орайда Отырар ауданында көптеген спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Соның бірі — Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Омаровты еске алуға арналған бүгінгі турнир. Төрт күнге созылатын турнирге еліміздің Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысындағы аудандардан 120-қа жуық балғын боксшы қатысып, кім мықтыны анықтап жатыр.

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту қолға алынды. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып, саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылып келеді. Айталық, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында спорттық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен салу арқылы бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін жағдай жасаудың маңыздылығына тоқталған болатын. «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы қажет. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы бұқаралық спортты дамытуға арналған кешенді бағдарлама қабылдау керектігін айтқан болатын.

Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №242 қаулысымен қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы жоспарға сәйкес, мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында балалар мен жасөс­пірімдерге арналған спорт секцияларына жан басына қаржыландыру жүйесі енгізілді.

Спорт кешенін ашып, мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында жұмыс істегісі келсе, арнайы ашылған www.artsport.edu.kz порталы арқылы өтініш береді. Жергілікті уәкілетті органдар қызмет көрсетушінің талапқа сәйкестігін тексеріп, порталға енгізеді. Өз кезегінде ата-аналар да баласын тегін өнер үйірмесі немесе спорт секциясына жаздырғысы келсе, аталған портал арқылы өтініш беруіне болады. Порталға тіркеліп, өз шағынауданындағы спорт секциясын және ондағы спорт түрін өзі таңдап алады. Содан кейін баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі мен медициналық анықтаманы дайындап өткізсе болғаны, баласы спорт секциясына тегін барады.

 Осы тұста, ҚР мәдениет және спорт министрлігі 2021 жылы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілген талдау негізінде жаңа объектілер салуды, жұмыс істеп тұрған білім беру орындарының базасында жаңғыртуды және қосымша жарақтандыруды қамтитын спорттық инфрақұрылымды дамытудың жоспар-кестесінің жобасын әзірледі. 2020 жылғы 30 желтоқсанда бұқаpалық споpтты одан әpi дамытуды көздейтiн дене шынықтыpу және споpт мәселелеpi бойынша ҚP Заңы қабылданды. Атап айтқанда, дене шынықтыpу даяpлығының балалаp-жасөспipiмдеp клубтаpының және дәpiгеpлiк-дене шынықтыpу диспансеpлеpiнiң желiсiн кеңейту, дене шынықтыpу және споpт бойынша сабақтан тыс секциялаpды жүpгiзгенi үшiн мұғалiмдеpге базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшеpiнде қосымша ақы енгiзу, бiлiм беpудiң баpлық деңгейлеpiндегi дене шынықтыpу сабақтаpында ұлттық споpт түpлеpi бойынша мiндеттi компонент енгiзу жөнiндегi ноpмалаp енгiзiлген. Сондай-ақ, халықпен жұмыс iстеу үшiн споpт нұсқаушылаpын штаттық бipлiктеpiмен қамтамасыз ету көзделген.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетовтің мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша республика бойынша дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде 6 534 919 адам шұғылданады, бұл елдегі халықтың 34,28%-ын құрап отыр. Оның ішінде 2 048 284 ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Сондай-ақ, 2020 жылмен салыстырғанда шұғылданушылар саны 581 084 адамға ұлғайған.

«Дене шынықтыру және спорт ұжымдарында 127 000 (олардың ішінде ауылдық жерлерде – 68 982) спорттық секция құрылды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша қазіргі таңда республикада 223 118 балалар мен жасөспірімдер қамтылған 602 балалар-жасөсіпірімдер клубы, 119 балалар-жасөспірімдер дене дайындығы клубы жұмыс істейді», — деді Бұқаралық спортты дамыту басқармасының басшысы.

Басқарма басшысы қазіргі таңда статистикалық деректерге сәйкес, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 12,7%-ды құрайтынын жеткізді. Оның айтуынша, дене шынықтыру және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ тұлғалар санының есебінен шұғылданушылардың саны 48 565 адамға, ал ауылды жерлерде 12711 адамға жеткен.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтыру мен спорттың жалпы санынан ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесі 2020 жылы 43 2457 немесе 7,9% құраса, ал, 2021 жылы 489 526 немесе 8,0%-ды құрайтыны анықталып отыр», — деді Мейрамбек Махамбетов.

Ал 2022 жылы бұқаралық спортқа республикадан 20,1 млрд теңге қаражат бөлінді. Аталған сомаға 180 мыңға жуық баланы спортқа баулу көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Айта кетейік, биыл жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жалпы сомасы 7,1 млрд теңге қаражат бөлді. Қарастырылған қаражат аясында жылдың соңына дейін 4-17 жас аралығындағы 79 782 бала мен жасөспірімді қамту көзделген болатын. Алайда қазіргі көрсеткіш одан екі есе көп. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, мемлекеттік тапсырыс арқылы жан басына шаққандағы қаржы санын арттыру арқылы балалар мен жасөспірімдерді спортпен қамту айтарлықтай өсті. Бүгінде елімізде тегін спорттық секцияларға 146 425 балалар мен жасөспірімдер барып жүр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.