Түркістан облысы: Отырар ауданында кіші футболдан аудандық жарыс өтті

Бүгін Ақтөбе ауыл округінде «Балалар жылы» аясында және ұлағатты ұстаз Қабылбеков Ермахан Қабылбекұлын 25 жылдық еске алуға арналған кіші футболдан аудандық жарыс өтті.

Турнирдің өтуіне ұлағатты ұстаздың ұл-қыздары арқау болып, турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі. Қабылбеков Ермаханның құрметіне орай ұйымдастырылған жарысқа барлығы 16 команда қатысты. Тартысқа толы жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі 3-ші орынды «Шәміл-Дүр» командасы иеленді, ал 2-ші орынға «М.Шойманов» командалары қол жеткізсе, «Шәмші» командасы жарыста озық атанды. Сонымен қатар турнирде үздік ойын көрсеткен ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кету керек, мұндай спорттық іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы жастарды жат қылықтар мен жаман әдеттерден сақтандырып, бойын аулақ ұстауға мол септігін тигізеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.