Түркістан облысы: Отырар ауданында әдебиет алыбының 125 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш болып өтті

Бүгін Темір ауылдық мәдениет үйінде ұлтымыздың заңғар тұлғасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік өкілі, классик жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Темір орта мектебі мен Темір ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жазушыға арналған әдеби-сазды кеш болып өтті.

Шараға Темір орта мектебінің директоры Алтынай Қасымбек және тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Анар Пірман, Темір ауылдық жастар инспекторы Динара Құрамысова қатысты. Жазушы рухына арналған әдеби кеште Темір орта мектебінің басшысы Алтынай Қасымбек сөз сөйлеп, кешті ашып берді. Шара барысында Темір орта мектебінің 10-сынып оқушылары әдебиет алыбының жеке шығармаларымен танысып, жазушы жайлы құнды деректерге қанықты.

Одан соң Темір ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздарының осы кешке арнайы дайындаған әдеби-сазды кешіне жалғасып, ән мен жырдан шашу шашылды. Шара соңында бүгінгі рухани кешке жиналған ұстаздар мен оқушылар және өнерпаздар естелік суретке түсіп тарқасты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.