Түркістан облысы: Отырар ауданында «IQANAT» олимпиадасы өтті

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының 2022 жылдың 19 қыркүйектегі №27-06-08/198 хатына сәйкес, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектеп, С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектеп, Ергөбек атындағы негізгі орта мектеп базасында 2022 жылы 10 қараша күні 8-сынып оқушылары арасында «IQanat» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Түркістан облысы бойынша «IQanat» олимпиадасының үйлестірушісі Жархынбекова Сәуле Ешімқұлқызы және Отырар ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы сөз алып, олимпиадаға қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

Қазақстан ХХІ ғасырда дамыған елдермен теңестіріп, өркениетті әлеммен мәртебелі орын алуына ықпал етер бірден-бір құдірет-білім, білімді ұрпақ», бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, — дегендей, «IQanat» олимпиадасының басты мақсаты: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру; оқушылардың математика, физика, ағылшын тілі және әдебиет сияқты пәндерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру; оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Жалпы «IQanat» олимпиадасына 443 оқушыдан 436 (98%) оқушы қатысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.