Түркістан облысы: Отырар ауданында STEM зертханалық кабинеті ашылды

Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр білімділердің ғасыры екені даусыз. Қазіргі уақытта әлемде ақпараттың қарқынды дамуы, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын қамтуда.

STEM – физика, химия, биология, математика, информатика, технология пәндерін біріктіру нәтижесінде пайда болған және қарқынды дамып келе жатқан пән. STEM ерекшелігі – бұл пәнаралық байланыс принципі, яғни бірнеше пәнді біріктіре отырып, бірнеше пәндерден алған білімді қоса отырып, жаңа бір қолданбалы мақсатқа жету. Осы технологияның мүмкіндігін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын әрі қарай дамытып, алған білімін практикамен ұштастырып, келешекте мамандық таңдауына бағыт-бағдар беру мақсатында Отырар ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылында STEM зертханалық кабинеті ашылды. Мұнда оқушы жаратылыстану, математикалық сауаттылықтарын жетілдіре отырып жаратылыстану бағыты пәндерінен физика, география, химия, биология, информатика, т.б. сабақтардан білімін жетілдіру үшін алдымен теориялық білімді алады. «Оқушыларды осы жаратылыстану пәндерінен алған білімді өмірде қолдана алатын жағдай тудыруымыз қажет. Сондықтан да STEM білім беру оқу процесін одан әрі кәсіби өсуді біріктіретін өзіндік көпір болып табылады» — дейді отырарлық ұстаздар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin