Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Отырар ауданының қарияларын мерекелерімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.
«Құрметті отырарлықтар, қадірлі қазыналы қариялар!
Сіздерді 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынай ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін ерекше күн.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі жетістіктері, болашаққа тыныш та, еркін және қауіпсіз өмір сыйлаған ардагерлердің ерен еңбегімен, қажырлы жігерінің арқасы екені анық.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету — ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің дәстүрлі Жолдауларында қаһарман ардагерлер, қазыналы қарттарымзды ешқашанда назардан тыс қалдырмаған.
Елімізде қарттарға мемлекет тарапынан баса көңіл бөлініп, берілетін көмектер жыл сайын артып келеді. Жақында ғана ауданымызда «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Мұнда ардагерлеріміздің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысып, медициналық көмек алады. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен де айналыса алады.
Сіздер мемлекет басшысының Жолдауларында көтерілген мәселелерді оң көзқараста қабылдап, еліміздің баянды болашағы жолында рухани құндылықтарымызды насихаттап келесіздер. Өмірдегі ұстанымдарыңыз бүкіл қоғамның арқауы ретінде ел ішінде береке, бірліктің, татулықтың өркен жаюына, тұрақтылықтың нығаюына ықпал етіп, жол көрсетіп келеді.
Ардақты ардагерлер!
Жыл салып қайта келіп жеткен мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Әрдайым қоғамда да, ел ішінде де сарқылмас даналық қасиеттеріңізбен ерекшелене беріңіздер!» — деді аудан басшысы өз құттықтауында.
Еске салайық, Халықаралық қарттар күні — 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтіледі. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, қарттарға құрмет көрсету акциялары, мемлекет тарапынан біржолғы қаржылай көмек, сондай-ақ, азық-түлік себеті, шипажайларға жолдама және тағы басқа. Сол секілді егде жастағы жандарға арналып мерекелік концерт те ұйымдастырылады. Одан бөлек, қарттарға арналған ауқымды шараның бірі — «Белсенді ұзақ өмір» ұлттық жобасы. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі былтыр қолға алған жоба аясында еліміздің барлық өңірінде белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу жоспарланған. Жоспарға сай онда егде жастағы жандар бос уақытын өткізе алады. Аталған орталықта ағылшын тілін үйрену, компьютерлік сауаттылық курстарынан өту, емдік дене шынықтыру, би және тағы басқа шараларды өткізу қарастырылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берген статистикаға сүйенсек, бүгінде елімізде жасы алпыстан асқан 3 миллионға жуық жан бар.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
You’re truly a good webmaster. The web site loading speed is incredible.
It kind of feels that you are doing any distinctive trick.
In addition, the contents are masterwork. you have performed a wonderful process on this subject!
Similar here: tani sklep and also here:
Dobry sklep
Hello, just wanted to say, I liked this post. It was helpful.
Keep on posting!