Түркістан облысы: Отырар ауданы әкімі тұрғындармен кездеседі

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын орындау мақсатында қараша айының 10-11 күндері Отырар ауданы әкімі Сәкен Сұлтанханов тиісті мемлекеттік орган басшыларымен бірге Қоғам, Қарғалы, Отырар, Талапты ауыл округі тұрғындармен кездесу жиынын жасап, азаматтармен жеке қабылдау өткізуді жоспарлап отыр.

Өтетін мекенжайы мен уақыты төмендегідей:

10.11.2022 жылы сағат 10.00-де Қоғам ауылындағы мәдениет үйінде кездесу жиыны, кездесуден соң жеке қабылдау;

10.11.2022 жылы сағат 12.00-де Қарғалы ауыл округі Отырар ауылындағы Отырар жалпы орта мектебінде кездесу жиыны, кездесуден соң жеке қабылдау;

11.11.2022 жылы сағат 10.00-де Отырар ауыл округі Арыс ауылындағы Т. Ибрагимов атындағы жалпы орта мектебінде кездесу жиыны, кездесуден соң жеке қабылдау;

11.11.2022 жылы сағат 12.00-де Талапты ауыл округі Көкмардан ауылындағы Көкмардан жалпы орта мектебінде кездесу жиыны, кездесуден соң жеке қабылдау.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.