Түркістан облысы: «Руханият керуені — Түркістан төрінде» жобасы аясында Созақ ауданы тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде елге танымал дінтанушы, ғалым, ұстаз Ризабек Баттаұлының қатысуымен «Руханият керуені — Түркістан төрінде» жобасы аясында дестурктивті діни ағымдардың таралуының алдын алу, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өтті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуді елімізге танымал айтыскер ақын Біржан Байтуов ашып, бұл кездесудің маңыздылығын және қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе қатарында екенін айтып өтті.

Ғалым, ұстаз Ризабек Баттаұлы ұлттық рухты оятып, құндылықтарды насихаттайтын имандылық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу, жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану бойынша өз ойын ортаға салып, тағылымы терең әңгімелер өрбітті. Кездесу соңында жиынға қатысушы Талғат Жұмақов, Біржан Саржанов және Мархабат Бейсенова өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Көтерілген сауалдарға Ризабек Баттаұлы толыққанды жауап беріп, діни ұйымдардың құйтырқы идеологиясына қарсы тұрып, еліміздің тәуелсіздігін баянды ету үшін әрбір азамат аянбай қызмет ету керетігін айтып, жиынды қорытындылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin