Түркістан облысы: Сауран ауданындағы колледжде Жұмыс берушілер күнінде «Ашық есік» күні өткізілді

15 қараша күні Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі» МКҚК-да «Жұмыс берушілер күні» мерекесіне бағытталған іс-шара жоспары бекітіліп «Ашық есік» күні өткізілді. Республика бойынша бір уақытта өткізілген бұл іс-шараға колледжде оқытылатын 8 мамандық бойынша жұмыс беруші ұйымдардың басшылары мен Түркістан облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директоры Жанполай Қыдырбайұлы, Сауран ауданы жұмыспен қамту орталығының директор орынбасары Азамат Ержанұлы, әлеуметтік серіктес «Ныш-Ер» ЖШС заңгері Талғат Маратұлы, Ескі Иқан ауылдық округі аппаратының бас маманы У.Муслимовалар қатысты.

Жұмыс берушілер мен келген қонақтар білім алушылардың өндірістік сабақтарда дайындаған өнімдерінің көрмесін тамашалап, өндірістік оқыту шеберлері дайындаған шебер-сыныптарына қатысып, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысты, жиын соңында жоспар бойынша қорытындылау негізінде қойылған «дөңгелек үстелде» бас қосты. Пікір алмасу барысында академиялық дербестік шеңберінде оқу процесіне енгізуге болатын оқу нәтижелерінің мазмұны бойынша жұмыс берушілермен ұсыныс, пікірлер жүргізілді. Дуальды оқытуға байланысты жасалған бағдарламалардың мәселелерін шешу жолдары да қарастырылды. Осы бағытта жұмыс берушілердің қолдауын қажет ететіндігі назарға алынды.

«Жұмыс берушілер күніне» арналған салтанатты жиында колледжбен тығыз байланыста болған жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы, Оқу-ағарту министрлігінің және Ескі Иқан ауылдық әкімдігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жұмыс берушілер күніне арналған жұмыс жоспары бойынша «Нарықтық экономика» пәні оқытушысы М.Шарапов пен тарих пәні оқытушысы Ш.Рапиев «Жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау жөніндегі келіссөздері» тақырыбында іскерлік ойынын өткізсе, колледж педагог-психологі Ш.Рафиқов «Мен таңдаған мамандық» психологиялық тренингін ұйымдастырды. Кейбір мамандықтар бойынша әлеуметтік серіктестік шеңберінде іскерлік келісімшарт түзіліп, меморандумдарға қол қойылды.

Орайы келгенде айта өтейік, бүгін (15 қараша) еліміз бойынша 700-ден астам колледж алғаш рет Жұмыс берушілер күнін атап өтіп жатыр. Іс-шараға ірі компаниялардың, шағын және орта бизнестің 4 мыңнан астам өкілі қатысып отыр. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс берушілермен 600-ден астам меморандум мен 500-ден астам ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Өңірлердегі колледждер «Энергожүйе» ЖШС, «Жарық» Ақтөбе механикаландырылған электр желілері кәсіпорны, «LTD» ЖШС, «Қазақ ұны» ЖШС, «Межрегионэнерготразит» ЖШС, «Астықжан КТ» ЖШС, «ПФ BEST» ЖШС, «Гидросталь» ЖШС және басқа да кәсіпорындармен меморандум жасасты.

«Жұмыс берушілер күні кадр даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өткізіліп отыр. Бүгінгі таңда колледждер ірі кәсіпорындармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Академиялық тәуелсіздік аясында колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, еңбек нарығының сұранысына сай білім беру бағдарламаларын әзірлейді. 500-ден астам ТжКБ ұйымы дуалды оқытуды енгізді және жұмыс берушілер де мамандарды даярлауға белсенді атсалысып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында студенттер теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын жұмыс орнында тікелей үйренеді. Яғни кәсіпорындар өз қызметкерлерін оқытуға және үздік студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндік алып отыр. Ал студенттер бірте-бірте мамандыққа түсіп, еңбекке қажетті машықтарды меңгереді. Биылғы оқу жылында нысаналы мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында кәсіпорындардың сұранысы бойынша 10 мыңнан астам адам колледждерге қабылданғанын атап өткім келеді», — дейді Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорының міндетін атқарушы Ернат Жүнісов.

Жұмыс берушілер күні аясында облыс кәсіпорындары студенттерге экскурсиялар өткізіп, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырды. 700-ге жуық тақырыптық кездесу, 800-ге жуық дөңгелек үстел, семинарлар, шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізілді. Кадрларды даярлаудағы жемісті ынтымақтастығы үшін 2,4 мыңнан астам жұмыс беруші Оқу-ағарту министрлігі мен білім басқармаларының алғыс хаттарын алды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.