Түркістан облысы: Сауран ауданында жастар мен мекеме қызметкерлері арасында алғаш рет “INTELLECT BATTLE” зияткерлік кеші өтті

Сауран ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сауран ауданында «INTELLECT BATTLE» интеллектуалды ойыны өтті. Ойынның негізгі мақсаты — танымдық қабілетті арттырып, интеллектуалды ойынға қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейлерін көтеру. Сондай-ақ, интеллектуалды ортаны қалыптастыру.

Сауран жастары мен мекеме қызметкерлері арасында алғаш рет өткен «INTELLECT BATTLE» ойынын Сауран ауданының әкімі Рысбеков Ғани Құрмашұлы ашып берді. Зияткерлік кеште Сауран ауданы әкімінің орынбасары Садибаев Серік Өмірханұлы, Сауран аудандық аналар алқасының төрайымы Жұманова Нышанкүл Абылайханқызы, Сауран жастар ресурстық орталығының басшысы Дүйсенбекова Айгерім Ералықызы, Сауран аудандық мәслихат хатшысы Күнпейісов Мейрамбек Заманбекұлы төрелік етіп, қатысушыларға әділ бағаларын берді.

Тартысты өткен сайысқа жалпы 20 команда қатысып, жүзден жүйрік шыққан үш команда дипломмен марапатталып, қаржылай сыйақы және кубоктар табысталды. Атап өтсек, өзгелерден оқ бойы оза шапқан «101» командасы 1-ші орыннан көрінсе, жүлделі 2-3-ші орындарды «Оқжетпес» пен «Яссы» командалары өзара бөлісті. Бұдан бөлек, жүйріктігімен көзге түскен «Үздік ойыншы» номинациясына ие болған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.