Түркістан облысы: Сауран ауданында жаңа білім ордасы ашылды

Аудан әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев тиісті басшылармен бірге Шаға ауылдық округіндегі жекеменшік білім беру нысанымен танысты. Жеке кәсіпкер өз есебінен «MIRASM school» ЖШС атындағы жекеменшік мектеп ғимаратын салып, халық игілігіне тарту етті.

Жалпыға ортақ білім беретін мекемеде 150 бала білім алуда. Жастарға білімнен бөлек спортпен шұғылдануға, тәрбие беруге барлық жағдай қарастырылған. Қазіргі таңда жалпы 15 педагог оқушыларға дәріс беруде. Балаларға қажетті жағдайлардың барлығы дерлік жасалған. Атап айтқанда, оқу бөлмелері, санитарлық бөлме, тәртіпті бақылауға арналған бейнекамералар, ортақ хабарландыру жүйесімен толық қамтылған. Күніне тегін аспен қамтылған.

Сауран аудандық білім бөлімі таратқан деректерге сенсек, Сауран ауданында 53 мектеп жұмыс істеп тұр. Оның 12-сі жекеменшік нысан саналады. Онда 25 519 оқушы білім алады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі 54 бірлікті құрайды. Соңғы 3 жылмен салыстырғанда балабақша саны 13 балабақшаға өскен. Оның ішінде мемлекеттік балабақшалар саны — 13, жекеменшік балабақшалар 41-ді (68,2%) құрайды.

Жалпыға білім беру қорынан аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бюджеттен 59 миллион 590 мың теңге қаржы қаралып, қала сыртындағы лагерьге 1000 баланы қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде екен.

Осы тұстап атап өтер жайт, облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл Түркістан облысында 45 мыңнан астам бала әлеуметтік жағдайына байланысты бюджет есебінен жазғы сауықтыру лагерлерінде демалады. Жалпы жаз мезгілінде облыс бойынша 22 сауықтыру лагері (оның 7-і мемлекеттік, 15-і жекеменшік) қызмет көрсетеді. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда арнайы дайындықтан өткен 14 444 педагог қызметкер жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен жастар орталықтарынан 95 волонтер, 80 облыстық колледж студенті практикаға тартылады. 20 мыңнан аса бала ата-аналар есебінен ақылы демалады. «Қазақстан Халқына» Қоры есебінен өңірдегі 2 лагерьде 3421 бала Түлкібас (2000 бала), Төлеби аудандарының (1421 бала) лагерлерінде демалады деп күтілуде, бұл 0,8% құрайды.

Сонымен бірге, мектеп жанында 5 күннен шатырлы және киіз үйлердің жұмысы Оқу-ағарту министрлігінің берген нұсқаулықтарының негізінде ұйымдастырлады. Оған 10 000 оқушы қамтылатын болады, қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Бүгінгі күні осы лагерьлердің жұмысын қызықты өткізу үшін «Үздік жаздық бағдарлама» байқауы жоспарлануда.

Таулы аймақтарда маусым айында күннің суықтығына байланысты шатырлы және этнолагерьлер жұмыстары шілде айында басталып, тамыз айының 23-іне аяқталады деп жоспарланды.

Бұған қоса, 350 мектепте 1 мезгілгі тамақпен ұйымдастырылатын мектеп жанындағы лагерьлер жұмыстарын жүргізеді.Түркістан облысы бойынша 1-5-ші сынып оқушыларының жалпы саны — 256 197.  Облыс бойынша барлығы 1-10-шы сыныптарда 467 766 оқушы бар, оның ішінде 366 123  (78,1) оқушыны қамту жоспарлануда. Осы мақсатта барлығы  2 259 1 теңге қарастырылуда (оның ішінде бюджеттен — 1 826,9 миллион теңге, 12,5 миллион теңге — демеушілер тарапынан, 426,7 миллион теңге —  ата-аналар есебінен).

Қала сыртындағы лагерьлердегі ауысымдар 1-5 маусым аралығында басталып, 5-10-шы сынып оқушылары қамтылады. Онда әлеуметтік жағдайына байланысты 35 482 бала — бюджет есебінен. Маусымдық лагерьлерде жолдама құны 59 594 мың теңгені құрайды, әр ауысымның ұзақтығы — 10 күн.

Облыста жазғы маусымда барлық мектептерде спорттық командалар жасақталып, спорттық ойындар мен жарыстар, спартакиадалар, үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жасөспірімдердің Отанына, туған еліне деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық тәрбие беру мақсатында тарихи орындар – Түркістан, Отырар, Сайрам, Бәйдібек аудан-қалалары мен ондағы мұражайларға бару және туристік шерулер мен саяхаттар ұйымдастырып, оған 41 000 оқушы барады деп жоспарлануда.

Жоғарыда аталған іс-шаралар барысында мониторинг жасап, жұмыстарды бақылауға алу мақсатында барлық құқық қорғау мен құзырлы сала өкілдерінен облыста жұмыс штабы құрылды.

Сауран ауданы бойынша қауіпсіз мектеп бағытында атқарылып жатқан шаруалар да баршылық. Айталық, мектептердегі 360 бейнебақылау камерасы 41 білім беру ұйымына орнатылған. Олардың 15-і жедел басқару орталығына қоыслған. Дабыл батырмалары 100% орнатылыпты.

Мамандандырылған күзет қызметімен бала саны 700-ден асатын 18 мектеп қамтылды. 10 мектептің қоршауы жаңартылды.

Облыстағы жағдайға келсек, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 5,9 миллиард теңге қаржы бөлініп отыр. Мектептерге 7 мыңнан астам бейнекамера орнатылып, полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған.

Мемлекеттік 938 (оның ішінде: 909 мектеп; 25 колледж; 4 балалар ауылы мен жасөспірімдер үйі) білім беру мекемесі 100% дабыл батырмасымен қамтылып, жедел басқару орталығына қосылды.

Кәсіби күзет қызметімен қамтамасыз етілуі тиіс бала саны 300-ден жоғары 573 білім беру ұйымы толық лицензияланған күзет қызметіне өтті. Облыстағы 179 білім беру ұйымының 102 шақырым қоршауы жаңғыртылды. Мектеп алды көшелерде жарықтандыру жүйелері мен арнайы жол белгілері орнатылуда.

Жаңа мектеп құрылысы бойынша да, орайы келгенде, тоқтала кетейік.

Оранғай ауыл округінен 150 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталып, жаңа оқу жылына ашу жоспарланды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 3 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Біріншісі С.Қожанов елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы басталды. Екіншісі Еңбекші дихан елді мекенінде 600 орындық мектеп құрылысы 2023 жылы басталды. Ал үшіншісі Аша елді мекенінде 600 орындық мектептің құрылысы да 2023 жылы басталды.

2024 жылы қаңтар айында Шаға ауыл округіне қарасты Қазақстанның 30 жылы ауылынан 450 орындық «MIRAS — M school» жекеменшік мектебі ашылды.

Тұтастай алғанда, өңір бойынша 35 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 3-і – «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы есебінен, 32-сі – республикалық бюджет есебінен. 2023 жылы 20 мектеп тапсырылған. 2024 жылы қалған 15 мектептің 13-і пайдалануға берілетін болады, 2-і 2025 жылға өтпелі.

Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 2024 жылы облыста жалпы қуаттылығы 1 800 оқушы орындық 8 мектеп құрылысын жүргізу ұсынылып, облыстық мәслихаттан қолдау тапты.

Аталған мектептерде 3 507 оқушы білім алады.

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Анықтама үшін нақтылай кетсек:

Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп.

Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Анықтама ретінде нақтырақ айтсақ:

2023 жылы басталған 29 мектеп:

— Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп;

— Арыс қаласында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Шардара ауданында – 2 мектеп: 1200 орындық – 1 мектеп; 300 орындық – 1 мектеп;

— Сарыағаш ауданында – 4 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 3 мектеп;

— Бәйдібек ауданында – 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Жетісай ауданында – 3 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Келес ауданында – 3 мектеп: 600 орындық – 2 мектеп, 300 орындық – 1 мектеп;

— Сайрам ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Мақтаарал ауданында – 2 мектеп: 1500 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп;

— Отырар ауданында – 1 мектеп: 600 орындық – 1 мектеп;

— Ордабасы ауданында — 1 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп;

— Созақ ауданында – 1 мектеп: 900 орындық – 1 мектеп;

— Төлеби ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 1 мектеп; 900 орындық – 1 мектеп;

— Сауран ауданында – 3 мектеп: 300 орындық – 1 мектеп; 600 орындық – 2 мектеп.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті ұстап тұруға, яғни, қосымша ашылатын штат бірліктеріне айлық жалақы, коммуналдық қызмет төлемдері үшін қажетті жобамен 2,9 миллиард теңге қаржыға қолдау білдірілді. Аталған қаржы ағымдағы жылдың қыркүйек айында бөлінетін болады.

Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерді алдағы 3 жылда, яғни, 2025-2027 ұстап тұруға қажетті қаржы көлемі облыстық білім басқармасы тарапынан есептелуде. Бұл бағыттағы қаржыларға да министрлік қолдау білдіретін болады.

Тиісті есептеулер министрлікке ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында ұсынылуы тиіс, бұл бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, білім басқармасы тарапынан аталған мектептерде ашылатын жаңа штат бірліктері мен оқушылар қозғалысы есептелді.

2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.

Тарқата айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 5200 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 4 мектеп, 3000 оқушы орын;

Жетісай – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Шардара – 1 мектеп, 1200 оқушы орын;

Бәйдібек – 1 мектеп, 300 оқушы орын;

Келес – 3 мектеп, 1500 оқушы орын;

Сайрам – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Отырар – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Төлеби – 3 мектеп, 1800 оқушы орын.

2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.

Дәлірек айтсақ:

Түркістан – 3 мектеп, 3000 оқушы орын;

Арыс – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Сарыағаш – 1 мектеп, 1500 оқушы орын;

Жетісай – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Кентау – 2 мектеп, 2400 оқушы орын;

Қазығұрт – 1 мектеп, 600 оқушы орын;

Келес – 2 мектеп, 600 оқушы орын;

Сайрам – 2 мектеп, 1200 оқушы орын;

Мақтаарал – 2 мектеп, 1800 оқушы орын;

Ордабасы – 4 мектеп, 3900 оқушы орын;

Түлкібас – 2 мектеп, 900 оқушы орын.

Бұл ретте атап өтер тағы бір мәселе, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығына сәйкес, Сауран ауданы бойынша 2024 жылға сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі анықталған болатын. Соның ішінде білім саласына тиесілі мағлұматтарды қамти кеткенді жөн көрдік. Сонымен…

Білім саласы 

Мекеменің атауы Мамандық атауы саны
А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ

 

Ағылшын тілі пән мұғалімі 1
Информатика  пән мұғалімі 1
Педагог-психолог 1
Әлеуметтік педагог 1
Биология пән мұғалімі 1
Қосымша білім беру педагогы 1
Тарих пән мұғалімі 1
Педагог-ассистент 1
Өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 1
Ж.Тәшенев атындағы ЖББМ

 

Тарих, география пән мұғалімі 2
Ағылшын тілі пән мұғалімі 1
Математика  пән мұғалімі 1
Қазақ тілі  пән мұғалімі 1
Денешынықтыру  пән мұғалімі 1
Орыс тілі  пән мұғалімі 1
Бастауыш сынып мұғалімі 1
Өзбек тілі  пән мұғалімі 1
Әлеуметтік педагог 1
Информатика  пән мұғалімі 1
Биология пәні мұғалімі 1
Химия пәні мұғалімі 1
Әйтеке би атындағы ЖББМ Ағылшын тілі  пән мұғалімі 1
Қ.Рысбеков атындағы негізгі орта мектеп-интернат

 

Орыс тілі пән мұғалімі 2
Ұйымдастырушы педагог 1
Қосымша білім беру педагогы 1
Әлеуметтік педагог 1
Спорт нұсқаушы 1
Математика пән мұғалімі 1
Тәрбиеші 6
Информатика пән мұғалімі 1
Педагог-кәсіби бағдар беруші 1
Технология пән мұғалімі 1
Қазақ тілі пән мұғалімі 1
Тарих пән мұғалімі 1
Ағылшын тілі пән мұғалімі 1
Бабайқорған жалпы білім беретін мектеп Информатика пән мұғалімі 1
Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектеп

 

Дене шынықтыру пән мұғаалімі 2
Ағылшын тілі пәні мұғалімі 2
Физика пән мұғалімі 1
Тұран жалпы білім беретін мектеп

 

Дене шынықтыру пән мұғалімі 1
Математика пән мұғалімі 1
IT маманы 1
Информатика кабинет лаборанты 1
Ағылшын тілі пәні мұғалімі 1
Қазақ тілі пән мұғалімі 1

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin