Түркістан облысы: Сауран ауданында мүмкіндгі шектеулі азаматтар арасында спорттың 5 түрінен спартакиада өтті

Сауран ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында отырып ойнау волейболы, тоқызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, дойбы спорт түрлерінен Аша елді мекені Т.Айтжанов жалпы орта мектебінің спорт залында спартакиада өтті. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атаулы жарысқа Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ж.Жұмабекова, Шорнақ ауылдық округі әкімі Б.Баймұратов, облыстық мүмкіндігі шектеулі спорт клубы директорының орынбасары Б.Қалибеков қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, бүгінгі жарыстың мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту, спортқа деген қызығушылықты арттыру екендігін жеткізді.

Жарысқа Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары мен Ордабасы, Сауран аудандары және Шорнақ ауылының командалары қатысып, өзара кіл мықтыларды анықтады. Спартакиада қорытындысы бойынша 1-ші орынды Шымкент қаласы еншілесе, жүлделі 2-3-ші орындарды Ордабасы мен Сауран аудандары өзара бөлісті. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы медальдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.