Түркістан облысы: Сауран ауданында мұқтаж жандар баспаналы болды

Бүгін Сауран ауданында игілікті шараның куәсі болдық. Тарқатып айтатын болсақ, Майдантал ауылдық округінде жақсылық жасауға жаны құмар Сауран ауданының Құрметті азаматы Ержан Бексейітовтің бастамасымен жағдайы төмен екі отбасыға баспана берілді. Бұл қайырымдылық іске ауылдың белсенділері және жеке кәсіпкерлері бірлесе ұйымдасқан. Айтулы шараға Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, ауданның зиялы қауымы, ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қарапайым тірлікте құлағанды көтеріп, сүрінгенді демеп жүретін қайырымды жандар болады. Олардың іс-әрекеті арқылы өмірдің қиындығын ұмытып, алғы күндерге үміт артуға, болашағына нық қадам жасауға болады. Қайырымдылық жасау — ізгіліктің басты көрінісі мен асыл қасиеттерінің бірі болып табылады. Жақсылық жасау имандылықтың, тәрбиелектің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске арқау болып жүретін, асыл арманға қол созғандарға сүйеніш болып, қолдарынан келгенін аямайтын ауданымыздың белсенді жастары мен кәсіпкерлері жетерлік деп білеміз.

Игілікті шарада аудан әкімі Ғани Рысбеков, мәслихат хатшысы М.Күнпейісов ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, сауапты іске ұйытқы болған барша жандарға алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, аудан әкімі Ғани Рысбеков мұқтаж жандарға баспана салып, тарту еткен азаматтарға алғыс хат табыстады. Жаңа баспанаға ие болған ауыл тұрғындары Әлжан Маханов пен Рахымжан Тапановқа қоныс құтты болсын дестік.

Еске салайық, Майдантал ауылдық округі – Түркістан облысы Сауран ауданындағы әкімшілік бірлік. 2018 жылға дейін «Сауран ауылдық округі» деп аталды. Орталығы – Ынталы ауылы. Құрамына Егізқара, Қаражон, Ынталы ауылдары енеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.