Түркістан облысы: Сауран ауданында 8000-нан астам тұрғын газға қол жеткізді

Жаңа Иқандықтар көптен күткен «көгілдір отынға» қосылып, қуаныштары еселенді күні кеше. Мемлекет басшысының Қазақстан аймақтарын газдандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында аталмыш жоба жүзеге асырылуда. Газды қосу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты. Бұл жөнінде Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Міне, көптен күткен Ибата ауылына «көгілдір отын» – газ келді. Осы нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүргізілді. Ендігі жерде Сіздер қыс басталғанға дейін газ кіргізуді қолға алу қажет деп санаймын. Газ — негізінен экологиялық таза отын, алдағы уақытта елді мекен халқының әл-ауқатын дамытуға серпіліс береді деп ойлаймын, – Зулфухар Жолдасов.

Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз үшін 2020-2021 жылдары арқылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Мердігер мекеме – «Күмбез Констракшн» ЖШС-і. Жоба бойынша 44 көше газ құбыры тартылған.

Ибата елді мекені бойынша жасалынған жобаның құны – 2 031,503 млн. теңге.

Ал, Ойық елді мекені бойынша жасалынған жобаның құны – 341,982 млн. теңге.

Тұрғындар алдында сөз сөйлеген Санжар Жаркешов: «Биыл ұлттық компания 19 елді мекенді газға қосты. Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асырудың арқасында Ибата ауылының 8 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Сонымен Түркістан облысында 14 ауданның 13-і газдандырылды. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сауран өңірінің Ойық, Бершінтөбе және Шоқтас елді мекендерін қосу жоспарлануда», – деді.

Ибата ауылының тұрғыны Дильназа Дилматинованың бүгін қуанышынша шек жоқ. Жаз айын ала бере қысқы отынның қамына кірісетін бұл отбасы биыл «көгілдір отынға» қосылды. От шағып, күл шығарудың машақатынан құтылды.

— Ауылымызға «көгілдір отын» келгеніне ерекше қуаныштымыз. Осыған дейін отын жарып, көмір жағып күнелтіп келген ауыл халқы енді газдың игілігін көретін болады. Шаңырағымыздың жылуы артып, түтіннен тазарып қалғаны көңіліге жылулық сыйлайды. Басшыларға үлкен алғысымды білдіремін,- дейді Дильназа.

Сауран ауданында 36 елді мекен болса, оның 8 елді мекені тауарлық газбен қамтылған. Басқа елді мекендерге Президент тапсырмасына сәйкес, кезең-кезеңімен газ құбыры тартылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

10 778 Comments

    1. Интересно: [url=https://autoplenka.com/product/rhino-rhino-athermal-6595-crystal-blue-rulon-152m-h-30m/]тонировочная пленка на лобовое[/url] или [url=https://autoplenka.com/product-category/windshield/]оклейка авто защитной пленкой цена в москве[/url]

      Может быть полезным: https://autoplenka.com/product-tag/vodosgonka/ или [url=https://autoplenka.com/product-category/tinting/plenka-hamelion/]атермальная пленка для авто[/url]

      Ещё можно узнать: [url=http://yourdesires.ru/beauty-and-health/lifestyle/169-srochnye-analizy-ili-ponyatie-cito.html]анализ крови цито[/url]

  1. I’m impressed, I must say. Really hardly ever do I encounter a blog that’s each educative and entertaining, and let me inform you, you could have hit the nail on the head. Your idea is excellent; the difficulty is something that not sufficient people are talking intelligently about. I’m very joyful that I stumbled across this in my search for something relating to this.