Түркістан облысы: Сауран ауданында IQANAT олимпиадасы өтті

Бүгін Сауран ауданында аудандық IQanat олимпиадасының 1-кезеңі өтті. IQanat олимпиадасының мақсаты — Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына, олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу.

IQanat қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жұмыс істейді. IQanat олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №232 бұйрығымен ұсынылатын пәндік олимпиадалар қатарына енгізілген. Қордың барлық жобалары қамқоршылардың қолдауы арқасында құрылған. Ең ынталыларды бір деңгей жоғары көтеріп, IQ R бағдарламасына шақырады. Егер ол жерде де жеңіске жетсе, одан әрі «тереңдетілген», IQanat High School of Burabay мектебіне тікелей көпір болып табылатын IQ IP бағдарламасы күтіп тұр. Олимпиаданың көмегімен Қазақстан мен әлемдегі ең озық университеттерге түсуге үш жылдық тегін дайындыққа финалистерді дайындайды.

«Біз мемлекет тарапынан көрсетілген осындай жоғары сенім үшін мақтанамыз және ауыл жастарына өздерінің өмір жолдарын таңдауда тынбай көмектесуге уәде береміз» — дейді ұйымдастырушылар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.