Түркістан облысы: Сауран ауданында «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг» тақырыбында кездесулер өткізіліп жатыр

Ескі Иқан ауылдық округіндегі «С.Рахимов»атындағы жалпы білім беретін мектебінде, №1 жалпы білім беретін мектебінде, Қ.А.Ясауи атындағы жалпы білім беретін мектебінде, Әл-Фараби атындағы мектепте, сондай-ақ Шорнақ ауылдық округіндегі «Ж.Ташенов» атындағы жалпы білім беретін мектебі мен «Т.Айтжанов» атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және буллинг» тақырыбында 8-11-ші сынып оқушылары арасында кездесу өткізілді.

Шараның мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу және одан шығу жолдарымен таныстыру, отбасы құндылықтарын насихаттау. Сонымен қатар отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қалыпты қарым-қатынасты нығайту.

Кездесуге Түркістан облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері полиция подполковнигі Ж.Қанапов, Сауран ауданы АПБ, ЖПҚ, ЮПТ, УПИ полиция капитаны А.Сыздықов, Сауран аудандық»Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы А.Дуйсенбекова, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Х.Шарапов, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ф.Субатов, Г.Маманова қатысып, жастарға құқықбұзушылықтың, әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу, жақсы білім және тәрбие алу жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Осы тұста айта кетейік, Майдантал ауылдық округінің «Әйтеке би» атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық” тақырыбында қыздар арасында кездесу өткізілді тақырыбында қыздар арасында кездесу өткізілді.

Кездесудің мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету, жастар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.

Кездесуге Аналар алқасының мүшелері, Майдантал ауылдық дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі А.Еселхан, Майдантал ауылдық амбулаториясының акушер-гинекологы У.Нармухамедова, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Д.Ажибай және әдіскері Д.Анарбай қатысып ертежүктіліктің алдын алу бойынша түрлі мәліметтер беріп, оқушылардың сұрақтарына толық жауап берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin