Түркістан облысы: Сауран ауданының Қарашық ауылындағы жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату мен су қоймасы салу мәселелері аудан әкімінің назарында тұр

Жуырда Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Үсенбаев кезекті есепті кездесуін Қарашық ауыл округінің тұрғындарымен өткізген-ді. Аудан басшысы алдымен атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Расында да, халық игілігі үшін біршама жұмыстар атқарылған.

Ал алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ, Құмтүйін елді мекені бойынша 900 орындық мектеп құрылысына сыртқы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленуде. Қарашық-Құмтүйін тас жолының қиылысында бағдаршам орнатылады. Қарашық елді мекенін электр желісімен қамтамасыз етіледі. Қарашық ауыл округіне 6 дана трансформатор орнатылады. Құмтиын ауылындағы Актанбаев көшесі орташа жөндеуден өтеді.

Тұрғындар тарапынан айтылған ең өзекті мәселенің бірі — ауыл маңында жер қойнауын заңсыз пайдалануды тоқтату болатын. Мәселені тыңдаған аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы заң аясында шара көрілетінін айтты. Сонымен қатар, су қоймасы салу, ауылды газбен қамту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жарықтандыру сынды тұрғындар тарапынан бірқатар мәселелер айтылды. Аудан басшысы әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстарын шешуге жұмыс істелетінін жеткізді.

«Қарашық елді мекенінің жоғары жағынан Оранғай ауылдық округінде орналасқан «Қосқорған» су қоймасы арықылы Қарашық өзінен ағын су келеді. Аталған су қойма — «Тұран су» ШЖҚ МКК-нің теңгерімінде. Көктем мезгілінде «Қосқорған» су қоймасында су көлемі толық жинақталған жағдайда ағын су үздіксіз беріледі. Алайда, ағымдағы жылы жауын-шашын, қардың аз болуына орай жаз мезгілінде өзен арнасында ағын су мөлшері азаюуы ықтимал. Осыған орай, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 миллион текше метр көлемді құрайтын «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді», — деді аудан әкімі. Тағы бір мәселе мәселе: Қарашық елді мекенінің тұрғындарының басты мәселесі ағын су, ауылдың жанынан қазылып жатқан карьерлердің кесірінен жер асты сулары тартылып жатыр. Сол мәселенің бірден бір шешімі ауылдың жанынан тоған салу. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруін сұрайды. «Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінде орналасқан «Қарашық-1» кен орнынан құмды қиыршық тас қоспасын өндіруге арналған карьер, атауы «Kazak Construction Industry» АҚ-ы. Қарашық ауылдық округіндегі бос жатқан мемлекет меншігіндегі жер телімін мемлекеттік сәйкестендіру актісін алмай ҚР жер кодексінің талаптарын бұза пайдаланып отырғандығы анықталып, жер телімінің басында акті түзіліп, Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасына шара көру үшін жолданды. Нәтижесінде, зерделеу жұмыстары барысында аталмыш кен орынның №1 учаскесінде (8,5 гектар) учаскесінен тыс 35 202 текше метр пайдалы қазбаны өндіргені анықталды. Түркістан облысы жер инспекциясы басқармасы ҚР жер кодексінің 136 және 802 баптарына сай хаттама толтырылып, айыппұл түрінде әкімшілік шара (100 АЕК мөлшерінде) шара көрілді. Осы ретте, жоғарыда аталған кемшіліктерді заң аясында тиісті шаралар қолдану үшін, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы тарапынан Түркістан облысының экология департаментіне хат жолданды. Сонымен қатар, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында №1 н/қ бұйрығымен облысының әкімдігімен «Kazak Construction Industry» АҚ арасында түзілген 2005 жылғы 8 шілдедегі №191 келісімшарттың қолданысын уақытша тоқтатты. Көктем уақытында болатын жауын-шашын, қар сулары мен тасқын суларды тиімді пайдалану және суармалы жерлерді толығымен игеру үшін Қарашық ауылды округінен қосымша 1 су қоймасын салу мәселесі көптен бері туындауда. Су қоймасын салуға жер рельефі өте қолайлы. Жоғарыда айтылған мәселені ескере отырып, Қарашық ауылды округі аумағынан сыйымдылығы 3,25 миллион текше метр «Қарашық» су қоймасының құрылысын салу үшін салалық қорытынды әзірленіп, Түркістан облысы құрылыс басқармасына тиісті құжаттар жолданып, ұсыныс берілді». Сондай ақ тұрғындар: «Қарашық ауылының ішінен «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» жолы түсерде, сол ауылдың ішінен көпір және мал өтетін өткел салынса екен» дейді. Осы мәселенің оң шешім шешіп беруін сұрайды. Бұл сұрақ бойынша, аудан әкімдігі тарапынан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына хат жолданып, алдағы уақытта тұрғындарың өтініштері ескерілетіндігін мәлімдеді.

Су қоймасы демекші, Түркістан облысында «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады.

«Түркістан өңіріндегі аймақтарда су тапшылығын шешу үшін бірнеше су нысанының құрылысы басталып, былтыр 2 нысан пайдалануға берілді. «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасын салғанның арқасында жылына қосымша 34 миллион текше метр ағын су жеткізуге мүмкіндік пайда болды. Ал Түркістан магистралды каналының 59 шақырымын бетондау арқылы 60 миллион текше метр су үнемделді», — дейді өңір әкімі Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

«Бұдан бөлек, «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынады. Өңірде каналдарды тазалау, жөндеу жұмыстары тұрақты жалғасып жатыр», -деген-ді Дархан Сатыбалды.

Халықпен кездесу барысында: «Қарашықтың әлеуеті жоғары. Орта және шағын кәсіп қарқынды дамыған. Бірақ бұған тоқмейілсінуге болмайды. Ауыл тұрғындарының жағдайын жасау біздің басты міндетіміз. Атқырылар шаруа көп. Алдымен ең өзекті деген мәселеге ден қоямыз», — деді аудан әкімі Ғалымжан Қарабайұлы.

Есепті кездесу соңында аудан басшысы ауыл әкіміне халықпен тығыз байланыста жұмыс жасау керектігін ескертті. Бастысы, атқарушы билікпен бас қосқан ауыл тұрғындары есепке оң бағаларын беріп, ауданды өркендету жолындағы қызметтеріне алғыстарын жаудырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.