Түркістан облысы: Сауран ауданы Жастар орталығы қызметкерлері арасындағы кіші футбол турнирінде жеңімпаз атанды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен, Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай”, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әріптестік, достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында спорттың кіші футбол түрінен турнир өтті.

Жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын марапаттау шарасына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Нұралұлы қатысып, жастар орталықтары қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырып, спорттық шаралардың ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, ойынды ұйымдастырушы Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Айбек Сұлтанмұратұлы жыл сайын облыс көлемінде жастардың шағын футбол ойындарына қатысу деңгейі артып келе жатқанын айтып, қатысушыларға алғысын жеткізіп, алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді. Жарыс қорытындысына сәйкес нәтижесінде І орынды Сауран ауданының жастары жеңіп алды. ІІ орынды — Мақтаарал ауданы жастары, ІІІ орынды Келес ауданы жастары иеленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin