Түркістан облысы: Созақ ауданындағы Алтынбековтер әулеті аудан басшысының назарынан тыс қалған емес

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылындағы Әшімхан Алтынбеков ағамыз бен Қаламқас Баймаханова апамыздың шаңырағында болды.

Осыған дейін аудан басшысы жұбайы екеуі аталған шаңырақта бірнеше рет болып, Раяна мен Дидахметті туылған күндерімен құттықтаған болатын.

Бүгін, міне, кішкентай Нұрғасыр 6 жасқа толып отыр. Аудан басшысы Нұрғасырды төл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Бүлдіршіндер сабақтарын жақсы оқып, атасы мен әжесінің мерейін үстем ететіндеріне сенім білдірді. Нұрғасырға сый-сияпат табыс етіп, шаңырақтағы барлық балапандарға түрлі ойыншықтар табыстады. Сондай-ақ алдағы уақытта да айтулы мерекелерде жиі келіп тұратынын тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Құмкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер ұстаз Есен Досболов және ауыл қариясы Амантай Қожабеков ақ баталарын арнап, алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Құмкент ауылында өткен жылы қаңтар айының 18 жұлдызында естіген елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға әлі де болса дүйім жұртшылықтың көңілінен кетпегені рас. Сол сәтте аудан басшысы марқұмдардың артында қалған балапандарды туылған күн мен айтулы мереке кездерінде арнайы келіп құттықтап, жағдайларын сұрап тұратындығын айтқан болатын.

     «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin