Түркістан облысы: Созақ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде жиын өтті

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жиын өтті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңы және Мемлекет басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы жарлығы мен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты тұжырымдаманың негізгі бағыттары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірқатар мәселелерге тоқталды. Кәсіпорын директорының орынбасары Қ.Мырзалиевтың төрағалығымен өткен жиында Сыбайлас жемқолықпен күресу әрбір азаматтың міндеті әрі азаматтық парызы екені түсіндірілді. Сонымен қоса, жиынға қатысушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу жайы кеңінен айтылып, ұжым болып күресуге шақырды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin