Түркістан облысы: Созақ ауданында “SOZAQ MARATHON” атты жүгіруден марафон өтті

Созақ ауданының 95 жылдығы және 15 қараша Ұлттық валюта күніне орай Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жартытөбе ауылдық округінде «SOZAQ МАРАФОН» атты жүгіруден марафон өтті.

Шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу және қабілетті жастардың өмірлік салтын қалыптастыру болып табылады.

Марафон аудан көлеміндегі жастар арасында ұйымдастырылды. 100-ден аса қатысушы 5 және 10 шақырымдық қашықтық бойынша сынға түсті.

Жарыс қорындысы бойынша марафоншыларды аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бақтыбай Сәрсенбаев пен Созақ аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Олжас Төлепбергенұлы салтанатты түрде құттықтап, белсене қатысқан жас спортшыларға өз алғыстарын білдірді.

10 шақырымдық жарыс нәтижесі бойынша:

— Нұрпейсов Еламан | Сызған ауылы

— Асқар Қонысбек | Шолаққорған ауылы

— Абдуллаев Тұрсынәлі | Созақ ауылы

“Ең жас қатысушы” — Сейтбек Тұрғанкүл | Созақ ауылы

«Ең үлкен қатысушы” — Юсупова Гүләзия | Созақ ауылы

5 шақырым бойынша:

— Әби Шерзат | Созақ ауылы

— Лесбек Нұрәділ | Жартытөбе ауылы

— Өтеміс Елмұрат | Жартытөбе ауылы

“Ең жас қатысушы” — Бағдат Омар | Жартытөбе ауылы

«Ең үлкен қатысушы” — Алдаберген Мұхтар | Жартытөбе ауылы иеленді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin