Түркістан облысы: Түлкібастық оқушы жас тілші атанды

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беретін мекемелерінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” негізінде оқушылардың адамгершілік және рухани тұрғыда дамуына бағытталған “Ұлағатты ұрпақ” мәдени-білім беру жобасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Ауданда аталған жоба бойынша атқарылған жұмыстар оң нәтижесін беріп, оқушылар жақсы нәтижелерге қол жеткізу үстінде.

Соның тағы бір дәлелі, Асанбай Асқаров атындағы ЖББМ 11-ші сынып оқушысы Сағынтай Ердәулет республикалық «Ұлан» газетінің қолдауымен ҚазҰУ журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Алматы қаласында өткізген дәстүрлі «Жас тілшілер» форумына қатысып, «Әл-Фараби мұрасы — ақыл ойдың маржаны» номинациясы бойынша жүлделі ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды.

“Ең үздік шығармалар байқауы” жеңімпазы атанған Сағынтай Ердәулет ғұлама ғалым, философ Әл-Фараби туралы репортаж жасап, әділ қазылар тарапынан жоғары бағаланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin