Түркістан облысы: «Тәрбие ісінің үздіктері» байқауының облыстық кезеңі болып өтті

Педагогтердің шығармашылық белсенділіктерін, кәсіби дамуын жетілдіру, кәсіби біліктілігі жоғары мұғалімдерді анықтау және іс-тәжірибесін тарату мақсатында 5-11-ші сынып жетекшілері арасында өткізілген «Тәрбие ісінің үздіктері » байқауының облыстық кезеңі болып өтті. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылған байқауға Бәйдібек ауданындағы С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі 8 «Б»сынып жетекшісі Жадыра Сапарова «Даналық мектеп» жобасы аясында, «Ұлттық мүдде» құндылығы бойынша, «Мен әкеммен мақтанамын» тақырыбында үлгілі тәрбие сағатын және «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» жобасы аясында «Ата-ананы қолдау: бақытты бала-жарқын болашақ!» деп аталатын іс-шаралардың бейнеролигін ұсынып, қорғап шықты.

Тәрбие сағатының мақсаты: Бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүрлерімізді және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау. Әкелердің бала өмірімдегі маңызы мен қазіргі замандағы әкелер мен балалар арасындағы байланысты нығайту мақсатында және ұлттық құндылықты дәріптеу негізінде тәрбиелеу.

Үлгілі тәрбие сағатының құрылымы оқушылар және әкелермен жасаған жұмыстарымен де көрініс тапты. Әкелердің қатысуымен өткен ашық тәрбие сағаты «Әкелер шеберханасы» бөлімінде әкелер өз балаларымен қолөнер бұйымдарын және қазақтың ұлттық спорт түрі «Қазақша күрес» туралы құнды ақпараттар беріп, әшекей бұйымдарын жасалу жолдарын түсіндірілгені, қамшы өру тәсілдерінің жасалғандығы, әкелер мен балалар арасында қарым-қатынастың болғандығын көрсете білді. Үлгілі тәрбие сағатына бірнеше әдіс-тәсілдерін сабаққа тиімді пайдаланғаны және әкелерден еститін жылы сөздер жазылған смайликтерімен бағаланғаны көрініс табады. Ашық тәрбие сағатында «Асық арқылы тілек», «Асық арқылы топқа біріктіру»,»Әкеге арнау»,»Әкелер шеберханасы», «Сиқырлы сандық» әдісі, «Күрмеленген жол» әдісі, «Ашық хат» жазу айдары орын алды. Байқауға қатысқан қазылар алқасы Жадыра Сапарова апайдың қорғап шыққан жұмысын жақсы деп бағалап, «Тәрбие саласының үздігі» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Тәрбие саласының үздіктері» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабына және Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» 2024 жылғы 3 ақпандағы №367 санды хатына сәйкес «Тұрмыс-1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің тәлімгері Стыбаева Наталья Қырықбаевна «Тәрбие саласының үздіктері» облыстық байқауына қатысып, жүлделі 1-ші орынды иеленді. Облыстық байқауда өз шеберлігі мен шығармашылығын жоғары деңгейде көрсете білген ұстаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin