Түркістан облысы білім басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына дайджест-шолу:

-«Бала құқығы- адам құқығы» республикалық шараның онкүндігі өтті.

-Түркістан облысының білім беру ұйымдарында «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауына көмектес» ұранымен ән байқауы ұйымдастырылды.

-Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында аудандық «Үкілі Үміт» өнер фестивалі өтті.

-ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен республикалық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күні» ашық есік күні облыста жүргізілді.

-«Үшбұлақ бокс клубы» жас спортшылары еліміздегі жасөспірімдер арасында «ZHASS ULAN» бокс спорт мектебі ұйымдастырған Республикалық ашық турнирде жеңіс туын желбіретті.

-Студенттер күніне орай ұйымдастырылған «Интеллектуалды ойындар» сайысында Кентау колледждері оқ бойы озық шықты.

— «Зерде» бірлестігі бойынша 2022-2023 оқу жылында «ХХІ ғасыр — нақты ғылымдар ғасыры» тақырыбы аясында ашық сабақтар болып өтті.

-«Ойыңды шахматпен дамыт!» тақырыбында 8-10 сынып оқушылар арасында шахматтан жарыс өтті.

— «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын кіріктіру арқылы сапалы білім беру» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.

-Республикалық “ТОП-100 СТУДЕНТ» байқауында түркістандық 5 үздік студент жеңімпаз атанды.

-Басқарманың төл туындысы “Күлтегін” телевизиялық зияткерлік ойынының жартылай финалы аяқталды.

— «Пәнді оқытуда функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмаларды құрастырудың тиімді жолдары» тақырыбында аймақтық тәжірибелік — семинар өтті.

-“Үздік логопед-дефектолог” байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

— «Үздік оқырман» байқауы ұйымдастырылды. Іс-шара аудан деңгейінде жүргізілді.

-«Тиімді әдіс-тәсілдер — сапалы сабақ кепілі» атты семинар өткізілді.

— «Менің Отаным — Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің ашылу салтанаты жоғары деңгейді болды.

-IQАNАT- ауылдарға мүмкіндік” олимпиадасының 1-кезеңі аяқталды.

-“Үздік әлеуметтік педагог” қалалық байқауы қорытындыланды.

-Облысымыздың екі ұстазы «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» мәртебесін алды.

— «ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР-2022» аудандық байқауы ұйымдастырылды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.