Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы Мақтаарал ауданында аймақтық коуч-семинар өткізді

Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 22 сәуір күні Мақтаарал ауданындағы №53 Ғ.Мүсірепов атындағы ЖББМ КММ-де “Информатика пәні мұғалімдердің құзыреттілігін дамыту мақсатында “Заманауи оқыту барысында сыныптан тыс, тәжірибелік, жұптастық оқыту формаларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру” тақырыбында аймақтық коуч-семинар өтті.

Аталған аймақтық коуч-семинарға Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты мектептердің информатика пәні мұғалімдері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.

Бағдарлама бойынша шебер сыныптың ашылуы, “Ауыл мектептеріне арналған олимпиадалық есептерді шешу жолдары”, “Робототехника сабағында ұлттық құндылықтарды дәріптеу”, “Ақпараттық платформалар ресурстары арқылы ҰБТ-де кездесетін тапсырмалармен жұмыс жасау”, “IT саласына дайындауда бұлтты технологияның әсері”, “Информатика пәнінен ғылыми жобаларға дайындау жолдары” атты тақырыптарда жоғары деңгейде ашық сабақтар көрсетіп, тәжірибе алмасты.

ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың дамыған ғасыры – ақпаратық-коммуникациялық технологиялар ғасыры

– деп аталып келе жатыр. Сөзсіз, бұл сөзбен келісеміз. Әрине осы таңда тек кітаппен баланы интеллектуалды оқушы ретінде қалыптасыру қиынырақ. Осы таңда білім беру саласында информатика деп аталатын пәннің алатын орны орасан зор. Неге десеңіз, информатиканы оқып отырған оқушы сыртқы ортамен байланыс орнатады, информатика әрбір оқушыны зияткер оқушы ретінде қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Оқушылар оқу процесінің қаншалықты қызықты, қаншалықты түсінікті, сонымен қатар логикалық түрде ойлау санасы арта түсетіндігіне көз жеткізеді. Мұның барлығы әрине, тек білімді, саналы, ақылды, мәдениетті, жан-жақты ізденімпаз «информатик» маманның қолында. Ал ондай мамандар бүгінгі таңда қоғамдағы аса қажетті мамандық түріне жатпақ. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, информатик – ол ұстаз, новатор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник (инновациялық технологияларды жетік меңгерген педагог) дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпқа пайдалану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Информатика саласы басқа ғылым салаларынан қарағанда жас ғылым. Ол күнделікті дамып отыр, басқа ғылым салаларымен тікелей байланысты талап ететін, жаңа ғасырдың жетекеші пәні ретінде өз статусын алды.

«Информатиканың кешегісі мен бүгіні» деген мәселе қозғалса, ондағы айырмашылық жер мен көктей. Демек, ғылым саласы бір орында ұзақ тұрмайды екен, онда сол саланы таңдаған маманда кешегі оқыған білімімен жүре берсе, ол сол ғылым саласымен қоштастым дей беруге болады. «Информатика пәнінің мұғалімдері баланың интеллектуалды тұлға ретінде қалыптасуы үшін не істеуі керек және нені білуі?» қажет дегенге жауап іздеп көрейік. Қазіргі заман ақпараттық технологияның торына буылған заман. Олай болса, «ақпарат деген не?», «технология деген не?». Ақпарат ол алмасу, оны алу немесе беру тек қарым-қатынас нәтижесінде ғана емес, адам миы бұрынғы қабылдаған мәліметтерді, хабарларды, білімін өңдеу процесі. Технология деп отырғанымыз ол өнер, ол шеберлік, ол біліктілік, белгілі бір нәрсені өңдеу үшін орындалатын әрекетер тізбегі екен. Ал олай болса, технология мен ақпарат түсініктерін біріктіре келе, ақпараттық технологияны – есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, ақпартты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және ұсыну қызметтерін жүзеге асыратын әрекеттердің реті деп айтуға болады. Демек информатика ақпаратпен байланысты нәрсенің бәрін оқытады. Қазіргі өмір ақпартқа өте тәуелді. Сонымен қатар, әрине информатика компьютермен және компьютерлік программалармен қалай жұмыс істеуді зерттейді. Информатиканы оқи отырып, ақпартты қайдан алатынын, оның қандай болатынын, оны адамдардың қалай алып, қалай игеретінін және сақтайтынын үйренеді. Техниканың адамдарға ақпаратты өңдеуде қалай көмектесетінін үйренеді. Баланы оқыту барысында информатика мұғалімі ақпараттық технологиялар құралдарымен тікелей байланыс орнатып, олардың пәнге деген қызығушылықтарын оятып, көрнекілік ретінде, интербелсенді тақтаны, компьютерді, электронды оқулықтарды, электронды тестер мен ойындарды ұсынса, бала жадысында сол сабақ тез жатталмақ. Күнделікті сабағында ақпараттық технологиялардың соңғы жетістіктерін әртүрлі: презентациямен, электронды тест, ребустармен, сөзжұмбақтар сынды құралдарды пайдаланса, оқушы сабаққа қызығушылық танытып, келесі сабаққа бар жақсы ынта ықыласымен келетін болады. Себебі, ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. 

Информатика мұғалімі – өзінің біліктілігі мен білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыратын, өзгерістерге бейімделе алатын білімді маман, өйткені ғылым бір орында тұрмайды және үнемі дамып отырады. Заманауи мұғалім сабақтарында озық технологияларды қолдануға тырысады, оқушыларға мәтінді, кестелерді, суреттерді өңдеуге арналған бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, бағдарламалау негіздерін зерттеп білуіне көмектеседі. Оқу процесінің басқа да жағын ұмытпаған жөн: оқушылар өз өмірінің көп бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді, сол себепті информатика мұғалімі балалар үшін тек педагог емес, сонымен қатар дос, көмекші, психолог, кеңесші болуға тырысуы керек.

Ақпараттандыру бағдарламасында информатика мұғалімі маңызды рөл атқарады, сол маман арқылы білім беру ұйымдарында есептеу техникасын енгізу мен меңгеру жүзеге асырылады. Ол:

1) информатика және есептеу техникасы негіздерін оқытуды;

2) информатика бойынша білім беру мазмұнын компьютерлік техниканың үздіксіз өзгеріп отыратын аппараттық-бағдарламалық құралдарына бейімделуін жүргізуді;

3) басқа пән мұғалімдеріне ЕТ құралдарын пайдалануды үйретуді;

4) барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдердің білім беру процесін ақпараттандыру қызметін үйлестіруді;

5) білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және өндірістік жүйелерді басқаруды автоматтандыру жүйесінің жұмыс істеуін;

6) білім беру ұйымдарының басқа білім беру мекемелерімен, банктермен және дерекқорлармен ақпараттық байланыс орнатуын қамтамасыз етуі қажет.

Семинар соңында іс-тәжірибелерімен бөліскен педагогтардың пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Айтпақшы, 2023 жылы түлектерді сұрыптау мақсатында «Математика-Информатика» бағытын қосты. Себебі, «Ақпараттық технологиялар», «Ақпараттық қауіпсіздік» пен «Информатика пәні мұғалімдерін даярлау» мамандарын бөліп шығару қажет болды. Еліміздің мақсаты — осы бағыттар бойынша жақсы мамандар даярлау.

Орайы келгенде, IT саласын таңдаған түлектерге ақыл-кеңес бере кетсек.

 * Ең алғашқы қадам

  • Информатика пәні бойынша ҰБТ-2024 спецификациясына қандай өзгеріс енгізілді?
  • Дайындыққа ноутбук немесе компьютер керек пе?
  • Қажет болса қандай түрін алған дұрыс?
  • Қандай жоғары оқу орындарын таңдаған дұрыс?

Бітіруші түлектер IT саласына түсу үшін информатика және математика пәндерін таңдайды.

Кез келген салада ең алдымен ыңғайлы, грант көп бөлінген пәнді емес, өзіне жақын мамандықты таңдау керек. Себебі мамандықты дұрыс таңдамау болашақта уақытты бос өткізумен тең.

ҰБТ-2024. Информатика пәні бойынша тест тапсырмалар саны – 40 (25 — бір дұрыс жауапты тапсырмалар, 5 — бір дұрыс жауапты контекст, 5 — бір немесе бірнеше жауапты тапсырмалар, 5 -сәйкестендіру тапсырмалар).   

Дайындық барысында компьютер міндетті түрде қажет. Мүмкіндігінше жеңіл, өзіңмен алып жүргенге ыңғайлы ноутбук дұрыс. Себебі информатика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық барысында сізге практикалық тапсырмаларды көптеп орындау қажет болады және болашақта студент атанғаннан кейін де ноутбук сізге қажет құрал болады. Ал егер жеке ноутбук алуға мүмкіндік жоқ болған жағдайда, мектептегі компьютерді де қолдана аласыз. Сонымен қатар қолыңыздағы смартфонды да ұтымды қолдануға болады.

Құрылғының мүмкіндігінше жаңасын алған дұрыс. Себебі қолыңыздағы қолданылған құрылғыны кім қалай ұстағаны белгісіз. Жаңасын алуға мүмкіндік болмаса, сенімді тұтынушыдан алыңыз.

IT саласына қатысты ЖОО-дардың бірқатары:

  1. СДУ – Сүлеймен Демирел атындағы қазақ-түрік университеті. Ресми сайты: sdu.edu.kz
  2. АУЭС – Алматы энергетика және байланыс университеті. Ресми сайты: AUES.edu.kz
  3. MUIT – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті. Ресми сайты: IITU.edu.kz
  4. НУ – Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев университеті. Ресми сайты: nu.edu.kz
  5. AITU – Astana IT университеті. Ресми сайты: astanait.edu.kz
  6. Нархоз – Нархоз университеті. Ресми сайты: kk.narxoz.kz
  7. КазНТУ — Сәтбаев университеті. Ресми сайты: satbayev.university
  8. UIB – Халықаралық бизнес университеті. Ресми сайты: uib.edu.kz/
  9. ҚБТУ – Қазақ-Британ техникалық университеті. Ресми сайты: KBTU.edu.kz
  10. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. Ресми сайты: kaznu.kz
  11. ХҚТУ – Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. Ресми сайты:  talapker.ayu.edu.kz/
  12. AlmaU – Алма-Ата менеджмент университеті. Ресми сайты: almau.edu.kz/

Басты мәселе IT саласын таңдаған талапкерге айтарымыз – үнемі даму үстінде жүруіңіз керек.  Көріп отырғандарыңыздай, жаңа технологиялар қарқынды дамып жатыр. Университетте алған біліміңіз тез ескіріп, маңызын жоғалтуы мүмкін, сондықтан өздігіңізден жаңа нәрсені оқуға бейім болып, үнемі ізденіс үстінде болыңыз.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin