Түркістан облысы: ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы Отырар ауданының Қарақоңыр ауыл округінде жалғасын тапты

Отырар ауданының прокуроры Бақытхан Бөлеулиев Қарақоңыр ауыл округі тұрғындарымен «Заң керуені» акциясы аясында кездесу іс-шарасын өткізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және аудандық мекеме басшылары, ауыл әкімі С.Айсеитов, учаскелік полиция инспекторы, жергілікті қоғамдастық мүшелері, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары және ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты.

Жиын басын Отырар ауданының прокуроры Бақытхан Төлегенұлы ашып, акцияның мақсаты жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдардарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру екендігін түсіндіріп ауыл тұрғындарын ашық диалогқа шақырды, ойларында жүрген ұсыныс-пікірлерін, өтініштерді ашық айтуға толық мүмкіндіктері бар екендігін атап өтті.

Аталған жиында әрі қарай аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары Н.Сеңгірбаев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Д.Омарбек, аудандық аурухана басшысының орынбасары Е.Төлепов, жергілікті полиция бастығы Т.Меңлібаевтар баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды.

Ашық форматтағы басқосуға келген жұрт өздерін толғандырған мәселелерін тікелей прокуратура өкілдері мен жауапты бөлім басшыларына қойып, тұшымды жауаптар алды.

Кездесуден соң аудан прокуроры Б.Бөлеулиев ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады.

Жалпы, прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды. Прокуратураның өкілеттілігі: Заңнамалық нормалардың орындалуын қадағалау; Министрліктер мен ведомстволардың, атқарушы және заңнамалық органдардың, басқару органдарының, өзін-өзі басқару және әскери басқаруды бақылау; Азаматтардың құқықтарын сақтауды бақылау; Жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеуді, тергеуді жүзеге асыратын органдардың бақылауы; Жазалауды жүзеге асыратын әкімшілік органдар мен мекемелердің заңнамалық нормаларын іске асыруға бақылау жасау, сондай-ақ ұсталғандарды және қамауда ұстау түріндегі мәжбүрлеу шараларын қолдану; Заңға қайшы келетін сот шешімдерін анықтау; Заңнаманы бұзу туралы ақпаратты қамтитын заңды және жеке тұлғалардың жазбаша өтініштері туралы шешім; Жасалған қылмыстар үшін қылмыстық қудалау; Қылмысқа қарсы күрес органдарының жұмысын ұйымдастыру.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.